Бәйинә сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. (1)
(Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді). (2)
Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар. (3)
Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді. (4)
Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. (5)
Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы. (6)
Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы. (7)
Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін. (8)