Духа сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сәске уақытына, (1)

Тым-тырыс түнге ант. (2)

Раббың сені тастамады да, кейімеді. (3)

Әрине сен үшін ақырет, дүниеден жақсы. (4)

Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың. (5)

Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? (6)

Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? (7)

Сені кедей көріп, байытпады ма? (8)

Ендеше жетімді қорлама, (9)

Сұраушыны зекіме. (10)

Раббыңның нығметін білдір. (11)