Қадр сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (1 )
(Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? (2)
Қадыр түні мың айдан қайырлы. (3)
Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. (4)
Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. (5)