‘Адият сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Қатты ентігіп, шапқан, (1)
(Тұяғынан) от шығарған, (2)
Таң сәріден шабуыл жасаған, (3)
Тозаңдатып, шаңдатқан; (4)
Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. (5)
Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. (6)
Өйткені ол, өзі де оған куә. (7)
Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. (8)
Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. (9)
Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте; (10)
Ол күні Раббылары толық хабар алушы. (11)