Тәкуир сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Күн бүктелген сәтте, (1)
Жұлдыздар солып шашылған сәтте, (2)
Таулар жүргізілген сәтте, (3)
Қаймал іңгендер, иен жіберілген сәтте, (4)
Жан-жануарлар жиналған сәтте, (5)
Теңіздер қайнатылған сәтте, (6)
Жан тәнмен бірлестірілген сәтте, (7)
Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте; (8)
Қай күнәмен өлтірілді? (9)
Дәптерлер ашылған сәтте, (10)
Аспан ашылған сәтте, (11)
Тозақ қыздырылған сәтте, (12)
Жұмақ жақындатылған сәтте; (13)
Әркім не әзірлегенін біледі. (14)
Жоқ, солғындаған жұлдыздарға серт, (15)
Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант. (16)
Қараңғылана бастаған түнге серт, (17)
Ағара бастаған таңға серт; (18)
Негізінен Құран әрине бір ардақты Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) сөзі. (19)
Ол күшті Елші, ғаршының иесінің қасында беделді, (20)
Ықпалды, онда сенімді. (21)
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) жынды емес. (22)
Расында ол, оны ашық көк жиекте көрді. (23)
Ол (Мұхаммед Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (24)
Құран, қуылған шайтанның сөзі емес. (25)
Ендеше, қайда кетіп бара жатырсыңдар? (26)
Ол (Құран Кәрім), бүкіл әлемге насихаттан басқа еш нәрсе емес. (27)
Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін; (28)
Әлемдердің Раббы Алла, қаламайынша тілеулерің жүрмейді. (29)