Ахзаб сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әй нәби! Аллаға тақуалық істе де кәпірлермен мұнафықтарға бағынба. Рас Алла тым білуші, аса дана. (1)
Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білуші. (2)
Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкілдікте жеткілікті. (3)
Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. (Анамның арқасындайсың деп,) серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. Және асырандыларың; бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді. (4)
Оларды әкелерімен шақырыңдар. Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. Бірақ әтейге жүректеріңнен болса (болмайды), Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді. (5)
Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары. Алланың Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден де, мұһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын. (6)
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік. (7)
Алла шыншылдардың шындығынан сұрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі. (8)
Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (9)
Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да, төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді. (10)
Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді. (11)
Сол уақытта Мұнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: “Бізге Алла да, Елшісі де алдап қана уәде берген екен” деді. (12)
Сол уақытта олардан бір бөлімі: “Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтыңдар” десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: “Үйлеріміз иен еді” деп, рұқсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды. (13)
Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді. (14)
Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллаға берген уәдесіне жауапкер. (15)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер өлімнен немесе өлтіруден қашсаңдар, сендерге еш пайда бермейді. Қашқан уақытта да аз-ақ пайдаланасыңдар” де. (16)
“Егер Алла сендерге бір жамандық қаласа немесе жақсылық қаласа, сендерді Алладан қорғайтын кім?”,- де. Негізінде олар, өздеріне Алладан өзге бір дос не бір көмекші таба алмайды. (17)
Әрине Алла, сендерден (соғысқа шығуға) кедергі болғандарды да туыстарына: “Бізге келіңдер” деушілерді де біледі. Олардың өте азы ғана соғысқа қатынасады. (18)
Сендерге (келсе де) тым сараң. Ал қашан бір қауіп төнсе, олардың саған, өздерін өлім есірігі басып бара жатқандай көздері төңкеріліп қарағанын көресің. Сонда қауіп-қатер кетсе, қылған қайырларына іштері ашып, сендерге өткір тілдерін тигізеді. Міне осылар иман келтірмегендер. Сондықтан Алла, олардың амалдарын жойды. Бұл Аллаға оңай. (19)
Олар руларды (жауларды) кетпеді деп ойлады. Егер ол рулар келсе, өздері сахарадағы бәдәуилердің ішінде болып, сендердің хабарларыңды сұрап тұруды көксейді. Егер олар іштеріңде болса да өте аз соғысады. (20)
Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар. (21)
Мүміндер жау топтарын көрген сәтте: “Міне бізге Алланың да, Елшісінің де уәде еткен нәрсесі. Алла да, Елшісі де рас айтқан” десті. Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті. (22)
Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады. (23)
Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мұнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларға тәубе нәсіп етеді. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді. (24)
Алла ол кәпірлерді долданған бойларынша қайтарады. Олар игілікке жете алмады. Алла соғыста Мүміндерге жетіп асады. Алла аса күшті, тым үстем. (25)
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін тұтқынға алып жаттыңдар. (26)
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяқ баспаған жерге сендерді мұрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді. (27)
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа: “Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын” де. (28)
“Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды.” (29)
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай. (30)
Сендерден кім Аллаға, Пайғамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береміз. (31)
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер. (32)
Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды. (33)
Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз Алла (Т.) өте жұмсақ, толық білуші. (34)
Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, Мүмін ерлер және Мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі. (35)
Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және Мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (36)
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта өзіне Алла да бақ берген, сен де бақ берген Зәйітке: “Жұбайыңды ажыратпа, Алладан корық!”,- деуде едің; Алланың жариялайтын нәрсесін көңліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың. Негізінде қорқуға Алла лайық. Сонда одан Зәйіттің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін. Алланың әмірі орындалады. (37)
Пайғамбарға Алланың оған парыз еткен нәрсесінде оған айып жоқ. Бұрынғы өткендерге де Алланың жолы осы еді. Алланың әмірі тұжырымды бір үкім. (38)
Сондай пайғамбарлар, Алланың нұсқауларын жалғастырып, Одан қорқады да, Алладан басқа ешбіреуден қорықпайды. Алла есеп көруде жетіп асады. (39)
Мұхаммед (Ғ.С.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші. (40)
Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. (41)
Оны ертелі-кеш пәктеңдер. (42)
Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді. (43)
Олар Аллаға жолыққан күні амандары, “сәлем” болады. Және оларға қымбатты сыйлық әзірледі. (44)
Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сен бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. (45)
Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік. (46)
(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерді рас оларға Алладан, ірі игілік барлығын сүйіншіле. (47)
Кәпірлер мен мұнафықтарға бой ұсынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаға тәуекел ет. Алла кепілдікте жетеді. (48)
Әй мүміндер! Егер мүмін әйелдерді; некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (49)
Әй Пайғамбар! Расында саған мәһерлерін берген жұбайларыңды, Алла саған нәсіп етіп, иелігіңде болған күңдерді, сенімен бірге көшіп келген әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарын халал қылдық. Сондай-ақ егер Мүмін бір әйел өзін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны; өзге Мүміндерден ерекше саған халал еттік. Мұсылмандарга жұбайлары, қол астарындағы күңдері хаққында нені парыз еткенімізді білдік; Саған тарлық болмауы үшін. Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (50)
(Мұхаммед Ғ.С.) жұбайларыңнан кімді кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың. Бөлек қойғандарыңнан біреуін қаласаң да саған бір кінә жоқ. Бұл олардың көзайым болып, кейімеулеріне және оларға берген нәрсеңде түгел разы болуларына тағы жақын. Алла жүректеріңдегіні біледі. Алла (Т.) толық білуші, тым жұмсақ. (51)
Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңнан ауыстыруыңа; (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдер бір сәрі. Алла барлық нәрсені бақылаушы.(52)
Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұқсат берілмейінше кірмеңдер де, тамақтың пісуін күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар; кіріңдер де, тамақ жеген кезде, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ Алла (Т.) шындықтан ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де, олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор күнә. (53)
Бір нәрсені әшкерелесеңдер де, жасырсаңдар да әрине Алла (Т.) әр нәрсені толық біледі. (54)
(Пайғамбар Ғ.С. ның) жұбайларына; әкелері, ұлдары, туыстары, олардың ұлдары, қыз туыстарының ұлдары, Мұсылман әйелдер және қол астарындағы күңдері жайында бір айып жоқ. (Бұларға көрінулеріңе болады.) (Әй әйелдер!) Алладан қорқыңдар! Алла (Т.) әр нәрсені көреді. (55)
Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (56)
Расында Аллаға, Елшісіне реніш бергендер, соларға дүние, ақыретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады. (57)
Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды. (58)
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді. (59)
Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек тарқатқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз заман көрші бола алады. (60)
Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да ұсталып, өлтіріледі. (61)
Алланың бұрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың. (62)
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімінен сұрайды. Оларға: “Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар” де. (63)
Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі. (64)
Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. (65)
Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: “Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді” дейді. (66)
“Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та бізді солар адастырды” дейді. (67)
“Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл.” (68)
Әй Мүміндер! Сендер де Мұса (Ғ.С.) ны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді. (69)
Әй Мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. (70)
Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол; ұлы табысқа ие болады. (71)
Рас аманатты (дінді), көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз… (72)
Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлермен әйелдерді азапқа салады да, мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (73)