Буруж сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жұлдызды аспанға ант, (1)

Уәделі күнге, (2)

Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт. (3)

Жер ошақшылардың жаны шықсын! (4)

Отынмен жанған от. (5)

Ол уақытта олар оның маңында отырған; (6)

Олар, мүміндерге істегендерін көрген. (7)

Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем, мақтаулы Аллаға сенулері ғана еді. (8)

Ол сондай Алла, аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла, әр нәрсені көруші. (9)

Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар. (10)

Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларға астарынан өзендер ағатын пейіштер бар. Осы, зор мұратқа жетушілік. (11)

Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты. (12)

Өйткені Ол, бастапта жаратып, әрі қайта тірілтеді. (13)

Ол, тым жарылқаушы, өте сүюші. (14)

Ғаршының иесі, аса ұлы. (15)

Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған ләшкерлердің хабары келді ме? (17)

Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ? (18)

Дегенмен қарсы болғандар, өтіріксінуде. (19)

Алла, оларды сырттай орап алған. (20)

Әрине ол, ұлы бір Құран. (21)

Лаухы Махфұзда сақтаулы. (22)