Нас сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,» (1)
«Адамдардың иесіне,» (2)
«Адамдардың Тәңіріне,» (3)
«Сыбырлап азғырушының кесірінен,» (4)
«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;» (5)
«Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де. (6)