Мә’ун сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С.) Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? (1)
Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2)
Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды. (3)
Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! (4)
Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. (5)
Олар көрсету үшін оқиды. (6)
Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады. (7)