Инфитар сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Көк жарылған сәтте, (1)
Жұлдыздар төгілген сәтте,(2)
Теңіздер тасыған сәтте, (3)
Қабірлер қопарылған сәтте, (4)
Әркім ілгері не жіберілгенін, кейін не қалдырылғанын біледі. (5)
Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? (6)
Ол сондай Алла, сені жаратты. Толықтап теңестірді. (7)
Ол, сені қалаған бейнеде құрастырды. (8)
Жоқ, олай емес, дінді өтіріксінесіңдер. (9)
Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. (10)
Ардақты жазушылар, (11)
Олар не істегендеріңді біледі. (12)
Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады. (13)
Негізінен бұзықтар тозақта болады. (14)
Олар қиямет күні тозаққа салынады. (15)
Олар, одан ғайып бола алмайды. (16)
Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің? (17)
Иә, қиямет күннің не екенін қайдан білесің? (18)
Ол күні, біреуге біреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні, әмір Аллаға тән. (19)