А’лә сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте. (1)
Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған, (2)
Ол сондай Алла, шамалап оңғарған. (3)
Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан. (4)
Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. (6)
Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі. (7)
Саған оңай болғанды қолайластырамыз. (8)
Пайда беретін болса, насихат ет. (9)
Әлде кім Алладан қорықса, үгіт алады. (10)
Сорлы болғандар одан бой тежейді. (11)
Ол, сондай зор тозаққа салынады. (12)
Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді. (13)
Әлде кім тазарса, ол құтылады. (14)
Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды. (15)
Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. (16)
Ақырет қайырлы да, тұрақты. (17)
Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар; (18)
Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында. (19)