Жин сүресі |
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға: “Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді” де. Сонда жындар: “Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық” деді. (1)
“Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.” (2)
“Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді.” (3)
“Өйткені біздің ақымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.” (4)
“Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаған едік.” (5)
“Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (6)
“Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді.” (7)
“Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық.” (8)
“Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді.” (9)
“Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?” (10)
“Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік.” (11)
“Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.” (12)
“Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.” (13)
“Бізден Мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.” (14)
“Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.” (15)
(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз; (16)
Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады. (17)
Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар. (18)
Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады… (19)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын” де. (20)
“Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын” де. (21)
“Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын.” (22)
“Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.” (23)
Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі. (24)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін” де. (25)
Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26)
Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27)
Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған. (28)