Саффат сүресі

Сайт тестілеуден өтуде.
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: mail@kuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт, (1)

Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт, (2)

Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (3)

Тәңірлерің біреу. (4)

Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (70-С. 40-А.) (5)

Рас дүние көгін жүлдыздармен безедік. (6)

Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық. (7)

Олар, жоғаргы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады. (8)

Қуылган түрде олар үшін үдайы азап бар. (9)

Алайда әлде біреу бір сөз үрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды. (10)

Енді олардан сүра: “Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшыктан жараттық. (11)

(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бүл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды. (12)

Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді. (13)

Бір мүгжиза көрсе, олар тәлкек қылады. (14)

“Бүл мүлде ашық жады” деседі. (15)

“Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?” (16) “Әуелгі аталарымыз да ма?”,- дер. (17)

“Әрине сендер кор боп тірілесіңдер” де. (18)

Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады. (19)

“Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі. (20)

“Бүл сендер жасынга шығарған билік күні!” (21)

“Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:” (22)

“Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;” (23)

“Оларды тоқтатықдар. Өйткені олар сүраққа тартылады” (делінеді.) (24)

Оларға: “Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?”,- (делінеді.) (25)

Әрине бтгін олар еріксіз бой үсынгандар. (26)

Олар бір-біріне қарсы сүрақ қойысады. (27)

(Олар бастықтарына): “Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер” дейді (28)

Олар: “Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер” дейді. (29)

“Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер.” (30)

“Раббымыздың бізге деген сөзі шынга шықты. Біз расында дәмін татамыз.” (31)

“Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азгын едік.” (32)

Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады. (33)

Сөз жоқ, Күнәкарларга солайша істейміз. (34)

Расында оларга: “Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” делінген кезде, менменсіген еді. (35)

Олар: “Жынды бір ақын тшін рас тәңірлерімізді тастайық паГ,- десті. (36)

Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді. (37)

Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар. (38)

Сендер істөгендеріңнің гана сазайын тартасыңдар. (39)

Бірақ Алланың ықыласты қүлдары бір сәрі. (40)

Міне бүлар үшін белгілі бір несібе бар. (41)

(Түрлі) жемістер де. Олар қүрметке бөленеді: (42)

Нығмет бақшаларында, (43)

Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады. (44)

Оларга қайнаған көзден кәселер айналдырыла үсынылады. (45)

Ішушілер үшін аппақ, тәтті. (46) Ол бас ауыртпайды да әрі иас қылмайды. (47)

Олардың қасында телмірген ботакөздер бар. (48)

Рас олар жарылмаган жүмыртқадай. (49)

Олар қарама-қарсы отырып, сүрасады. (50)

Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді. (51)

(Ол, маған): “Шын-ақ растаушылардансың ба?’,- дейді. (52)

“Өліп, топырақ және стйек болсақ та жазаландырыламыз ба?” (53)

(деп қасындагыларга): “Оны көргілерің келе ме?”,- дейді. (54)

Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: (55)

“Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді. (56)

“Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім.” (57)

“Біз өлмейміз бе?” (58)

“Алгашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз.” (59)

Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады.) (60)

Ғамал қылуга тиісті. (61) Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққүи; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш ттрі. Сөздік Әлмауарит.) (62)

Рас заққүм агашын залымдарға сүмдық қылдық. (63)

Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш. (64)

Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда.) (65)

Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады. (66)

Сосын оларға қайнап түрған судан сусын беріледі. (67)

Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады. (68)

Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын. (69)

Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді. (70)

Олардан бүрын, алгашқылардың көбі адасқан еді. (71)

Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік. (72)

Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр! (73)

Бірақ Алланың ықыласты қүлдары басқа. (74)

Расында Нүх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушыиыз! (75)

Оны да семьясын да зор қиыншылықтан қүтқардық. (76)

Нұх (Ғ.С.) тың трпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.) (77)

Оны кейінгілерге дәріптеттік. (78)

Нұх (Ғ.С.) қа бткіл әлемнен сәлем болсын. (79)

Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (80)

Өйткені ол, сенуші қтлдарымыздан. (81)

Сосын басқаларын суга батырдық. (82)

Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында. (83)

Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді. (84)

Сол уақытта әкесіне де еліне де: “Нелерге табынасыңдар?”,- деді (85)

“Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?” (86)

“Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?” (87)

Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жтлдыз жаққа назар аударып: (88)

“Мен науқаспын” деді (89)

Сонда ел одан бтрылган бойда кете берді. (90)

(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барші: “Жемейсіңдер ме?- деді. (91)

“Неге сөйлемейсіңдер?” (92)

Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды. (93)

Олар, оған жүгірісіп келді. (94)

“(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?”,- деді. (95)

“Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты.” (96)

Олар: “Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер” десті. (97)

Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік. (98)

(Ыбырайш* Ғ.С.): “Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді” деді. (99)

“Раббым, маган жақсысынан бір тл бер!” (100)

Оны өте мтлайым бір тлмен қуанттық. (101)

Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсіиде бауыздаганымды керемін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деда. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді. (102)

Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған пышақ кеспеді.) (103)

Біз, оған: “Әй Ыбырайым!”,- деп, дыбыстадық: (104)

“Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз” (дедік.) (105)

Шын мәнінде Бұл бір ашық сынау еді. (106)

Оны ірі бір қтрбандыққа ауыстырдық. (Қтдыретше бір қтрбандық қошқар беріледі.) (107)

Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. (108)

Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем. (109)

Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейшз. (110)

Өйткені ол, сенген қтлдарыньіздан еді. (111)

Оны пайгамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік. (112)

Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің трпақтарьгаан жақсы болгандар да өздеріне ашық зтлымдық еткендер де бар. (113)

Расында Мтса, Ћартн (Ғ.С.) ға да игілік бердік. (114)

Екеуін әрі елін зор апаттан қттқардық. (115)

Оларга жәрдем еггік те сонда олар, жеңіске ие болды. (116)

Екеуіне түсінікті кітап бердік. (117)

Екеуіне тура жол көрсеттік. (118)

Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық. (119)

Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға сәлем. (120)

Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (121)

Өйткені, екеуі де сенген қтлдарымыздан еді. (122)

Әрине Ілияс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. (123)

Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. (124)

“Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?” (125)

“Алла, сендердің де бұрынғы аталарыңның да Раббы!” (126)

Сонда елі оны жасынга шыгарды. Рас олар, жазага келтіріледі. (127)

Бірақ Алланың ықыласты қүлдары басқа. (128)

Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық: (129)

“Ілияс (Ғ.С.) қа сәлем.” (130)

Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. (131)

Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді. (132)

Күдіксіз Лүт (Ғ.С.) елшілерден еді. (133)

Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық: (134)

Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа. (135)

Сосын өзгелерін жоқ еттік. (136)

Әрине тәңертең, олардан өтіп жтресіңдер. (137)

Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (138)

Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. (139)

Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салганда соған шығады.) (140)

Шар салғанда ол, жеңіліске үшырады. (Қарғып теңізге түсті.) (141)

Сонда оны балық жүтты. Ол, айыпталған еді. (142)

Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді: (143)

Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді. (144)

Сонда оны қырға шыгарып, тастадық. Ол науқас еді. (145)

Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік. (146)

Оны жүз мың не тағы артыгырақ елге жіберген едік. (147)

Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық. (148)

Енді олардан сүра: “Қыздар Раббыларынікі де, үлдар олардікі ме? (149)

Немесе періштелерді үрғашы жаратқанымызға олар куә ме? (150)

Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді: (151)

“Алланың баласы бар” деп, олар мүлде өтірік айтады. (152)

Алла үлдардан көрі қыздарды артық көре ме? (153)

Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер? (154)

Түсінбейсіңдер ме? (155)

Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма? (156)

Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер. (157)

Олар Алла мен періштелер арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (158)

Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк. (159)

Бірақ Алланың нагыз қүлдары өйтіп сипаттамайды. (160)

Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;) (161)

Сендер Аллаға қарсы бүзақылық шығара алмайсыңдар. (162)

Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа. (163)

(Періштелер, былай дейді.): “Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ.” (164)

“Шын мәнінде біздер қатарланып түрушыларданбыз.” (165)

“Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз.” (166)

Олар былай дейтін еді: (167)

“Егер бізде бүрынғыларға түсірілген УГІТ болса еді,” (168)

“Әлбетте Алланың ықыласты қүлдарынан болар едік.” (169)

Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі. (170)

Расында елші қүлдарымызға сөзіміз бүрын бекіген болатын: (171)

“Сөз жоқ, оларға жәрдем болады.” (172)

“Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер.” (173)

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бүра түр. (174)

Оларды көре түр, олар да жақында көреді. (175)

Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма? (176)

Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман. (177)

Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол. (178)

Тағы оларды байқай түр. Жақында олар көреді. (179)

Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк. (180)

Елшілерге сәлем! (181)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық. (182)