Фуссиләт сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: mail@kuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.) (1)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен. (2)
Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арапша Құран. (3)
Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар қүлақ салмайды. (4)
(Мұхаммед Ғ.С.) олар: “Сен бізді шақырған нәрсеге жүрегімізде бір перде қүлақтарымызда бір кереңдік бар Сондай-ақ біз бен сенің арамызд; далда бар. Сондықтан сен өзіңш< істе де біз өзімізше істейік” деді. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маган Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш” де. (6)
Сондай зекеттерін өтемегендер солар; өздері ахиретке де қарсы. (7)
Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер, олар үшін таусылмайтын сыйлық бар. (8)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ Оған теңеулер жасайсыңдар ма? Бұл бүкіл әлемнің Раббы” де. (9)
Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сүраушылар үшін тура жауап. (10)
Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әрі жерге: “Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер” деді. Екеуі де: “Бой ұсынған түрде келдік” деді. (30-С. 31-А.) (11)
Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі, қорғауға алдық. Осы тым үстем, олық білуші Алланың тақдыры. (12)
(басқа: 7-С. 54-А. 10-С. 3-А. 11-С.-А. 25-С. 59-А. 32-С. 4-А. 50-С. 8-А. 57-С. 4-А. болып, жеті жерде жер, көк бүкіл әлемнің алты күнде жаратылғандығы баян етіледі. Бірақ Алланың қасында бір күн елу мың жыл.70-С. 4-А.)
(Мұхаммед Ғ.С.) Олар бет бұрса: “Сендерге Ғад, Сәмүд елінің басына келген найзағай сияқты апатты ескертемін” де. (13)
Сол уақытта оларға ілгері кейін елшілер келіп: “Аллаға ғана құлшылық қылыңдар” дегенде, олар: “Егер Раббымыз қаласа, әлбетте періштелер түсірер еді. Расында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз” деді. (14)
Сонда Ғад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап: Бізден артық күшті кім бар?”,-деген еді. Олар өздерін жаратқан Алланың олардан көрі күштірек екендігін білмеді ме? Олар, аяттарымызға қарсы келді. (15)
Оларга дүниеде қорлық азабын таттыруымыз үшін өздеріне сәтсіз күндерде суық дауыл жібердік. Әрине ақырет азабы одан да сорлаушы. Оларға көмек етілмейді. 16)
Ал енді Сәмүд еліне келсек, оларға тура жол көрсеттік; бірақ олар туралықтан көрі көзсіздікті жақсы көрді. Сондықтан оларды қылықтарының салдарынан қорлық азабының найзағайы қолға алды. (17)
Сондай иман келтіріп, сақсынғандарды құтқардық. (18)
Сол күні Алланың дүшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. (19)
Ақыр олар оган барған кезде; оларға қүлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. (36-С. 25-А.) (20)
Олар терілеріне: “Не үшін бізге куә болдыңдар?”,- дейді. (Терілері): “Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар” деп жауап береді. (21)
Сендер өздеріңе қүлақтарың, көздерің және терілерің айгақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. (22)
Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да сонда зиянға үшыраушылардан болдыңдар (23)
Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар, кешірім тілесе де қабыл етілмейді. (24)
Оларға сыбайластар қостық. (Шайтандарды ерікті қылдық. Б.М.) Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді әдемі көрсетті. Сондықтан бүлардан бурын өткен, жын және адам баласынан болған елдерге берілген азап әмірі бглардың басына да келді. Өйткені олар, зиянға үшыраушылардан еді. (25)
Және қарсы келушілер: “Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғанда шуылдаңдар. Бәлкім жеңіске ие боларсыңдар” десті. (26)
Әрине қарсы қелгендерге қатты азап таттырамыз. Сондай-ақ істеген жамандықтарының сазайын береміз. (27)
Міне осы Алланың дүшпандарының сазайы от. Олар үшін онда мәңгілік орын бар. Аяттарымызға қарсы келгендердің жазасы (осы). (28)
Қарсы болғандар: “Раббымыз! Жыннан да адамдардан да бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың астына салайық. Ең төмендегілерден болсын” дейді. (29)
Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты түрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді. (30)
“Біз, дүние тіршілігінде де ақиретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар.” (31)
Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Алла тарапынан бір сыйлық. (32)
“Шын! Мен Мұсылмандарданмын.” деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады? (33)
Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің Іраңда дүшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34)
Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп 5олады. Сондай-ақ бүл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады. (35)
Ал енді сені шайтаннан бір түлен түртсе, сонда Аллаға сиын. Өйткені, Ол әр нәрсені толық естуші, білуші. (36)
(Сәжде бар.) Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар; егер Оған қүлшылық қылатын болсаңцар. (37)
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар тәкаппарланса, Раббыңның қасындагылар, (періштелер) Оны, күндіз-түні дәріптеуден жалықпайды. (38)
(Мұхаммед Ғ.С.) расында жердің қүрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде қүлпырып көпсуі Алланың дәлелдерінен. Күдіксіз оны тірілткен Алла, өліктерді де тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге толық күші жетуші. (39)
Шын мәнінде сондай аяттарымызда бүрмалаушылық жасагандар, Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе қиямет күні аман-есен келген біреу жақсы ма? Қалагандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла, не істегендеріңді толық көруші. (40)
Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты бір Кітап.(41)
Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді. (араласпайды.) Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген. (42)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған сенен бүрынғы елшілерге айтылған ғана айтылды. Күдіксіз Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі. (43)
Мүбада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ, әлбетте олар: “Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?”,- дер еді. “Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа” де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық. (Қараңгылық.) Олар үзақ бір жерден шақырылғандай. (44)
Расында Мүса (Ғ.С.) ға кітап бердік. Сонда ол туралы да таласылды. Раббыңнан алдын ала бір үкім болмаса еді, әріне араларында іс біткен болар еді. Анығында олар, шәк ішінде одан күдіктенуде. (45)
Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың қүлдарына зглымдық істеуші емес. (46)
Қиямет мезгілінің мәліметі Аллаға тән. Оның білуінен тыс, жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды. Және ешбір үрғашы жткті болмайды да тумайды. Оларға: “Менің ортақтарым қайда?”,- деп сүралган күні, олар: “Саған үсындық; бізден оған куә болушы жоқ” дейді. (47)
Бұрынғы шоқынғандары олардан ғайып болды. Өздерінің қашар жерлері болмаганын түсінді. (48)
Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да егер оған бір жамандық душар болса, сонда иүлде күдер үзіп, үмітсізденеді. (49)
Ал егер оған шалдыққан бейнеттен кейін өзіне жанымыздан мәрхамет етсек: “Бүл менің ақым; тіпті қиямет-қайым боларын да ойламаймын” дейді. Мүбада Раббьша қайтарылсам да сөзсіз мен үшін Оның жанында тағы жақсырағы бар” дейді. Әлбетте осындай қарсы болгандардың не істегендерін түсіндіреміз. Сондай-ақ оларга азаптың ауырын таттырамыз. (50)
Қашан адам баласына бір нығмет берсек, бет бүрады да өз жағына қыңыраяды. Қашан оған бір сүмдық душар болса, сонда ол, көлемді түрде жалбарынады. (51)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Көрдіңдер ме? Я, осы Құран Алланың қасынан келген болып, сосын оған қарсы келсеңдер, ол үзақ қайшылыққа түскен біреуден артық адасқан кім бола алады?” (52)
Құранның мүлде шын екендігі айқындалганга дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе? (53)
Абайландар! Расында олар Раббыларына жолығудан күдіктенуде. Көңіл бөліңдер. Әрине Алла әр нәрсені толық меңгеруші. (54)