Хашр сүресі |
Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: mail@kuran.kz
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Көктердегілер мен жердегілер Алланы дәріптеуде. Ол, аса үстем, хикмет иесі. (1)
Ол сондай Алла, Кітап иелерінен қарсы болғандарды алғаш шабуылда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығады деп, ойламаған едіңдер. Олар бекіністері өздерін Алладан қорғайды деп ойлаған еді. Алайда Алла, оларға, күтпеген жақтан келді; олардың жүректеріне қорқу салды да олар, үйлерін өз қолдарымен әрі Мұсылмандардың қолдарымен талқандауда еді. Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар. (2)
Егер Алла, оларға, сүргіндік жазбаса еді, әлбетте оларға дүниеде басқа азап берер еді әрі олар үшін ахиретте тозақ азабы бар. (3)
Міне бул, олардың Аллаға, Пайғамбарына қарсы келулері себепті. Әлде кім Аллаға қарсы келсе, Расында сонда Алла қатты азап иесі. (4)
Жаудың қтрма ағаштарын кесулерің немесе (кеспей) тамырларына тік қоюларың Алланың нүсқауы бойынша, бүзақыларды қорлау тшін болады. (5)
Алланың, Елшісіне олардан қалдырған олжасына, сендер не ат шаптырып немесе ттйе жтгіртпедіңдер. Бірақ Алла, елшілерін кімді қаласа, соған өктем қылады. Сондай-ақ Алланың әр нәрсеге ктші еркін жетеді. (6)
Алла (Т.) ның, Елшісіне бір кент түргындарынан қалдырған олжалары; Аллаға, Елшісіне, жақындарына, жетімдерге және жолда қалғандарға тән. Сендерден байлар арасында айналып жтрмеуі керек. Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі. (Бұл аят бойынша Пайғамбар (Ғ.С.) дың әміріне бой үсыну уажіп.) (7)
Әсіресе сондай жтрттарынан, малдарынан қуылғандар; Алладан мәрхамет, ризалық іздеп, Аллаға, Елшісіне көмек еткен пақыр мүьажірлер үшін. Міне солар шыншылдар. (8)
Бүрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола түра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсьшса, солар қүтылушылар. (9)
Сондай олардан кейін келгендерге де (бтл олжадан беріледі.) Олар: “Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер тшін жтрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббьшыз штбәсыз Сен тым жүмсақ, ерекше мейірімдісің.” (9-С. 100-А.) (10)
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Мтнафықтар Кітап иелерінен иман келтірмеген туыстарына: “Егер жүрттарыңнан шығарылсаңдар, сендермен бірге шығамыз; сендерге қарсы әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер соғыс болса, әлбетте сендерге көмек етеміз” дейді. Олардың мүлде суайт екендігіне Алла куәлік етеді. (11)
Егер олар жүрттарынан шығарылса да олармен бірге мүнафықтар шықпайды. Ал егер соғыс болса да олар соғыспайды. Егер көмек етсе де әрине олар, арттарына бүрылып қашады. Сосын оларға жәрдем етілмейді. (12)
Әлбетте олардың жүректерінде Алладан көрі сендерден қатты қорқу бар. Өйткені олар, ттсінбейтін ел. (13)
Олар сендермен топты түрде соғыса алмайды. Бірақ бекіністегі ауылда не дуардың далдасында соғысады. Әрине өзара тартыстары қатты. Оларды бірлікте деп, ойлайсың. Жүректері быт-шыт. Өйткені олар, ойланбайтын ел. (14)
Олар, өздерінен біраз бүрынғылар сияқты; істегендерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар. (15)
Олар, шайтаннын, мысалы сияқты; адамдарға: “Қарсы бол” деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: “Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын” деген еді. (16)
Сонда екеуінің де соңы; тозақта мәңгі қалатын болды. Міне залымдардың сазайы. (17)
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркіи ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңцар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі. (18)
Сондай Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін үмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бүзақылар. (19)
Тозақтықтар мен үжмақтықтар тең емес. Жұмақтықтар; олар, қолы жеткендер. (20)
(Мүхаимед Ғ.С.) егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғаның көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз. (21)
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де көрнеуді де біледі. Сондай-ақ Ол, тым есіркеуші, ерекше мейірімді. (22)
Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (23)
Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оган тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (24)