Фатиха сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. (2)

Аса қамқор, ерекше мейірімді. (3)

Қиямет күнінің иесі. (4)

Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (5)

Бізді тура жолға сала көр! (6)

Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7)