Тәкәсур сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. (1)

Тіпті қабірлеріңе барғандарыңа дейін. (2)

Жоқ олай емес. Тез білесіңдер. (3)

Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. (4)

Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар; (5)

Әлбетте тозақты көресіңдер. (6)

Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер. (7)

Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар. (8)

Құранды сайтқа қою  |  Намаз уақыттары  |  Хадистер
Хатым  |  Ораза  |  Islam.kz
© 2008-2017 Құран Кәрім