Бәләд сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін; (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) сен осы қалада тұрасың. (2)

Әкеге, балаға (Адам Ғ.С. мен балаларына) серт! (3)

Расында адамзатты әбігер жараттық. (4)

Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? (5)

«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. (6)

Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7)

Оған екі көз жаратпадық па? (8)

Әрі бір тіл, екі ерін? (9)

Оған екі жол көрсетпедік пе? (10)

Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады. (11)

Кедергінің не екенін қайдан білесің? (12)

Ол; құл азат ету, (13)

Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; (14)

Жақындағы болған бір жетімді, (15)

Немесе шаң топырақтағы сорлыны. (16)

Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу. (17)

Міне осылар; оңшылдар. (18)

Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар, олар; солшылдар. (19)

Олар тозаққа қамалады. (20)

Құранды сайтқа қою  |  Намаз уақыттары  |  Хадистер
Хатым  |  Ораза  |  Islam.kz
© 2008-2017 Құран Кәрім