Қари’а сүресі

Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар
хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Зор уақиға, (1)

Ол зор уақиға не нәрсе? (2)

Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе? (3)

Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады. (4)

Таулар түтілген жүндей болады. (5)

Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, (6)

Онда ол, разы болатын бір тіршілікте болады. (7)

Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, (8)

Онда оның орны «һауия» болады. (9)

Ол һауияның не екенін білесің бе? (10)

Ол, жалындаған от. (11)

Құранды сайтқа қою  |  Намаз уақыттары  |  Хадистер
Хатым  |  Ораза  |  Islam.kz
© 2008-2017 Құран Кәрім