Құран Кәрім

Тәубә сүресі
Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктерге бір құлақтандыру. (1)

(Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынын біліңдер. (2)

Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар, сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. (Әй Мұхаммед!) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (3)

Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді. (4)

Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен. (6)

Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді. (7)

Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендерге өктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар, сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. өйткені олардың көбі бұзақы. (8)

Олар Алланың аяттарын аз бағаға сатып, Оның жолынан тосты. Олардың істеген істері нендей жаман. (9)

Олар мүмін жайында жақындықты да келісімді де сақтамайды. Міне солар, шектен шыққандар. (10)

Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырластарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашық баян етеміз. (11)

Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар. (12)

(Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ. (13)

Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын. (14)

Және (олардан жапа шеккендер,) жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана. (15)

Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан, Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етпегендерді Алла, анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші. (16)

Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра (кәпір халінде тұрып) Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады. (17)

Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі. (18)

(Әй мүшріктер!) Сендер, қажыларға су беру, Харам Мешітін жөндеуді; Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар, Алланың қасында тең болмайды. Алла залым қауымды тура жолға салмайды. (19)

Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер. (20)

Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады. (21)

Олар онда мәңгі қалушылар. Расында Алланың қасында ірі сыйлық бар. (22)

Әй мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі қарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар. (23)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды. (24)

Расында Алла, сендерге көп жерлерде нұсрат берді. Сондай-ақ Хұнайын күні де сендерге нұсрат берді. Сол уақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда ол, сендерге түк пайда бермеді. Сондай-ақ кең бола тұра жер, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайта қаштыңдар. (25)

Сонан кейін Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды. Сондай-ақ сендерге көрмеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Міне кәпірлердің жазасы осы. (26)

Сонымен бірге Алла, бұл соғыстан кейін қалаған кісісіне тәубе нәсіп етер. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (27)

Әй иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтан биылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаңдар, егер Алла қаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады… Расында Алла толық білуші, хикмет иесі. (28)

Кітап берілгендерден, Аллаға, ақырет күніне иман келтірмегендер және Алланың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп білмегендер және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар. (29)

(Өйткені) Яһудилер: «Ғұзайыр Алланың ұлы» деді. Және Христиандар да: «Иса Алланың ұлы» деді. Бұл, бұрыңғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр. (30)

Олар, (Яһуди, Христиандар) ғалымдарымен машайыхтарын және Мәриам ұлы Исаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк. (31)

Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т.) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды. (32)

Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да. (33)

Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (34)

Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (делінеді). (35)

Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер. (36)

Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың харам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл харам етіп, бір жыл халал етеді. Сөйтіп Алланың харам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбет көрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды. (37)

Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Алла жолында соғысқа шығыңдар»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қозғалғыларың келмеді) Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ақыретке қарағанда өте аз ғана. (38)

Егер соғысқа шықпасаңдар, Алла сендерді жан түршігерлік азапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарыңа басқа қауым келтіреді. Сендер Аллаға ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Алла, әр нәрсеге күші жетуші. (39)

Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазіретті Әбу Бәкірге): «Кейіме! Расында Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі.(40)

(Әй мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін қайырлы, егер білген болсаңдар. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүк жолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі. (42)

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла сені кешірсін. Саған шын айтқандар анықталып, өтірікшілерді білмейінше оларға неге рұқсат бердің? (43)

Өйткені Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер, Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. Алла тақуаларды жақсы біледі. (44)

Шынында сенен, Аллаға, ақырет күніне сенбегендер, жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұқсат сұрап сылтауратады. (45)

Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшін бір әзірлік көрер еді. Бірақ Алла, олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтан оларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: «Отырушылармен бірге отырыңдар» делінді. (46)

Егер олар, іштеріңде шықса да сұрқылықты ғана арттырады. Әрине араларыңда пітне ізденіп жүгірер еді. Іштеріңде олардың тыңшылары да бар. Алла залымдарды жақсы біледі. (47)

(Мұхаммед Ғ.С.) расында бұлар бұрын (Ұхыд соғысында) да пітне іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыры олар, жек көрсе де ақиқат келіп, Алланың әмірі үстем болды. (48)

Олардан кей адам: «Маған рұқсат бер, әлекке салма» дейді. Байқандар, олар негізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ, кәпірлерді орап алады. (49)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған бір игілік жетсе, олар оны жек көреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: «Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік» дейді де олар сүйініп қайтады (50)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. (51)

Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық»де. (52)

Оларға: «Малдарыңды мейлі пейілді, немесе пейілсіз түрде сарып қылыңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер» де. (53)

Тек қана олардың сарып қылғандарын олардан қабыл болуына кедергі болған жағдай: Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтары, намазға өте алқаулықпен келулері және олардың аса жек көрген түрде мал сарып қылулары. (54)

(Мұхаммед Ғ.С.) онда сені олардың малдары, балалары таныртқатпасын. Шынында Алла, ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды. (55)

Олар: «Рас біз де сендерденбіз» деп Алланың атымен ант ішеді. Негізінде олар, сендерден емес. Бірақ олар қорқақ халық. (56)

Егер олар бір пана тапса, немесе үңгірлер, не бір кірерге тесік тапса, әрине олар, солай бұрылып ұмтылар еді. (57)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың кейбіреуі садақалар жайында сені сөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ыза болады. (58)

Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және: «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаға ынтықбыз» десе еді. (59)

Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатындарға (жаңа Мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі. (60)

Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін қайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алланың Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар»(61)

Олар сендерді разы қылу үшін Алланың атымен ант береді. Егер олар иман келтірген болса, Алланы және Елшісін разы қылуларына тиісті еді. (62)

Олар, біреу Аллаға әрі Елшісіне қарсы келсе, расында соған ішінде мәңгі қалатұғын тозақ оты бар екенін білмей ме? Міне, ірі қорлық осы. (63)

Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де. (64)

Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік» дейді. Оларға: «Алламен аяттарымен және Елшісімен қалжақтаған болдыңдар ма?»,- де. (65)

Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәкар болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз (66)

Мұнафық ерлер мен әйелдер, бірі-бірінен. (Бәрі бір.) Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Сараңдық қылады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар. (67)

Алла, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерге және кәпірлерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті. Сол, оларға жетеді. Сондай-ақ Алла оларға лағынет етті. Әрі оларға тұрақты қинау бар. (68)

(Мұнафықтар!) Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар, сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар, дүниеде несібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелерінен пайдаланғандай несібелеріңнен пайдаланыңдар. Сондай-ақ жамандыққа олар сүңгігендей сендер де сүңгіндер. Солардың дүние, ақыреттегі амалдары жойылып кетті. Міне солар зиян етушілер. (69)

Оларға өздерінен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд қауымдары және Ыбырайым қауымы және Мәдян елі, ойран болған кенттердің хабары келмеді ме? Соларға пайғамбарлары ашық дәлелдер келтірген. Алла оларға зұлымдық қылмады. Олар өздеріне зұлымдық қылды. (70)

Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана. (71)

Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік. (72)

Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман. (73)

Олар: «Айтпадық» деп Алланың атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойлары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынан қайтқанда мұнафықтар Пайғамбардың (Ғ.С.) түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, Алла оларды дүние, ақыретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ. (74)

Тағы олардан біреулер: «Егер Алла, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді. (75)

Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар. (76)

Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып, қояды. (77)

Олар сырлары мен сыбырларын Алланың анық білетіндігін білмеді ме? Шынайы түрде Алла (Т.) көместерді толық біледі. (78)

Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, тәлкектегендерді, Алла мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар. (79)

(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтар үшін жарылқануларын тілесең де, тілемесең де тіпті олар үшін жетпіс қайта жарылқануын тілесең де, Алла, оларды әсте жарылқамады. Бұл олардың Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтарынан. Алла бұзақы халықты тура жолға салмайды. (80)

Олар Алланың Елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай отырып қалғандарына мәз болды. Сондай-ақ олар Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар: «Бұл ыстықта соғысқа шықпаңдар» деді. Егер түсінетін болса: «Тозақ оты тағы қатты ыстық» де. (81)

Енді олар, істегендерінің салдарынан аз күлсін, көп жыласын. (Олардың күлулерінен жылаулары көп болады.) (82)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла сені (Тәбүктен Мединедегі соғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа) шығуға рұқсат сұраса: «Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар» де. (83)

Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді. (84)

Және сені олардың малдары, балалары таңыртқатпасын. Шынында Алла мұнымен, оларға дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды. (85)

Қашан оларға: «Аллаға иман келтіріңдер, Алланың Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілсе, олардың дәулеттілері, сенен рұқсат сұрап: «Бізді қой, отырушылармен бірге болайық» дейді. (86)

Олар артта қалушылармен бірге болуды қоштады. Олардың жүректері бітелген. Сондықтан түсінбейді. (87)

Бірақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер, малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар. (88)

Алла (Т.) оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішінде мәңгі қалатын бақшалар әзірледі. Осы зор қол жеткендік. (89)

Бәдәуилерден желеушілер, өздеріне рұқсат берілсін деп келді. Сондай-ақ Аллаға, Пайғамбарға өтірік айтқандар да отырып қала берді. Олардан кәпір болғандарына күйзелтуші азапқа ұшырайды. (90)

Қашанда Аллаға, Елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылық істеушілерге жауапкершілік жоқ. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (91)

Сондай көліктендіріп жіберуің үшін саған келгенде : «Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым» дегеніңде, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ. (92)

Ал сөгіс беру; өздері бай бола тұра сенен рұқсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға тиісті. Алла олардың жүректерін бітеген. Сондықтан олар білмейді. (93)

(Соғыстан) қайтып оларға барсаңдар, сендерге сылтауратады. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз! Расында Алла бізге хабарларыңды білдірді. Алла да Елшісі де істеріңді көреді. Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге не істегендерің білдіріледі » де. (94)

Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, оларды айыптаудан бет бұруларың үшін Алланың атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар. Өйткені, олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ. (95)

Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді. Егер сендер олардан қош болсаңдар да, расында Алла бұзық елден разы болмайды. (96)

Бәдәуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендерінің шегін білмеулеріне аса бейім. Алла толық білуші, аса дана. (97)

Бәдәуилерден, Алла жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші. (98)

Және бәдәуилерден Аллаға, ақырет күніне сенетін, қаражат қылғандарын Алла қасында жақындық сондай-ақ Пайғамбардың ізгі тілектеріне сай деп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. Алла оларды мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (99)

Мұһажир, әнсарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды. Әрі олар да Алладан разы болды. Сондай-ақ Алла, олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәттер әзірледі. Осы ірі мұрат. (100)

Араларындағы бәдәуилерден екі жүзді кісілер бар. Сондай-ақ Мәдиналықтардан да екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады. (101)

Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істі басқа жаман іспен араластырады. Алла олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (102-106 аяттар 118-аятқа байланысты.) (102)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші. (103)

Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. (104)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі» де. (105)

Соғыстан қалып Алланың әмірін күткендер, Алла оларды не азаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (106)

Сондай зиян тигізу, қарсы келу, Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Алла және Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: «Игілікті ғана қалап едік» деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді. (107)

(Мұхаммед Ғ.С.) ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді. (108)

Ендеше, іргетасын Алладан қорқып, ризалығына сәйкес салған біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне салып онымен тозаққа құлаған біреу жақсы ма? Алла залым елді тура жолға салмайды. (109)

Сондай олардың салған мешіттері; жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі. (110)

Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік. (111)

(Әй Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыйушылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле. (112)

Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды. (113)

Ыбырайымның (Ғ.С.) әкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында Ыбырайым (Ғ.С.) қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді. (114)

Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші. (115)

Шынында көктердің және жердің иелігі Аллаға тән. Ол, тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ. (116)

Шынында Алла, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген Мұһажирлер мен Әнсардың, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. Алла, оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағы да олардың тәубелерін қабыл етті. (117)

Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді. (118)

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар. (119)

Мәдиналықтардың және маңайлардағы бәдәуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге дұшар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы амал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды. (120)

Олар, Алла жолында үлкен-кіші бір нәрсе сарып қылса, бір ойпатты басып өтсе, Алла олардың көркем амалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады. (121)

Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе? (122)

Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер. (123)

Бір сүре түсірілген кезде, олардан: «Бұл қайсыларыңның иманын арттырады?»,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады. (124)

Сондай-ақ ол сүре жүректерінде дерті болғандардың жамандықтарының үстіне жамандық арттырады; олар, қарсы болған күйде өледі. (125)

(Мұнафықтар) әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды. (126)

Қашан бір сүре түсірілсе, біріне-бірі қарап: «Сендерді көретін біреу бар ма?»,- десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. Алла, олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет. (127)

Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (128)

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: «Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы » де. (129)

А’раф сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әлиф Ләм Мим Сад. (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін. (2)

Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар! (3)

Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді. (4)

Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды. (5)

Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз. (6)

Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз. (7)

Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар. (8)

Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды. (9)

Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер. (10)

Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады. (11)

(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді. (12)

(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді. (13)

(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді. (14)

(Алла): «Щынында мұрса берілгендерденсің» деді. (15)

(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді. (16)

«Сонан соң оларға алды-артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деді. (17)

(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді. (18)

(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар» (19)

Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді. (20)

Және: «Шынында мен екеуіңді үгіттеушілерденмін» деп ант ішті. (21)

Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады. (22)

(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді. (23)

(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді. (24)

«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді. (25)

Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер. (26)

Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық. (27)

Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де. (28)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де. (29)

(Алла, адам баласының) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді. (30)

Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді. (31)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз. (32)

«Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды» де (Мұхаммед Ғ.С.). (33)

Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерлемейді. (34)

Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды. (35)

Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар. (36)

Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақыр елшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?»,- дегенде: «Олар бізден ғайып болды» деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздері айғақ болды. (37)

(Алла қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер» дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары, алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер» дейді. (38)

Және олардың алдынғылары, артқыларына: «Сендердің бізге бір артықшылықтарың жоқ. Ендеше істегендеріңнің азабын татыңдар» дейді. (39)

Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды.. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз. (40)

Оларға жаһаннамда төсек және үстерінде жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз. (41)

Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалушы. (42)

Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынан өзендер ағады. Олар: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді » дейді. Және оларға: «Міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы» делінген түрде дабысталады. (43)

Жұмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды. (44)

Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ақыретке де қарсы болушылар. (45)

(Жұмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіндер. (46)

Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!»,- дейді. (47)

Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?»,- деп айғайлайды. (48)

(Оларға жұмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Жұмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді). (49)

Тозақтағылар, жұмақтағыларға: “Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуін де кәпірлерге арам еткен” дейді. (50)

Олар, діндерін ойын-сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін Біз оларды ұмытамыз. (51)

Расында Біз оларға, иман келтірген қауым үшін тура жол мәрхамет түрінде бір Кітап түсіріп, оны білім жолымен айырып түсіндірдік. (52)

Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды. (53)

Күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемнің Раббы. (54)

Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді. (55)

Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар. Және Аллаға қауіп әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Алланың рахметі жақын. (56)

Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр) бір мемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әр түрлі жемістерді шығарамыз. Осылайша өліктерді де тірілтеміз. Әрине үгіттенерсіңдер. (57)

Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады. Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады (бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы). Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз. (58)

Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді. (59)

Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді. (60)

“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірақ мен әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді. (61)

“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін”. (62)

Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? (63)

Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық. Өйткені олар анық көзсіз ел еді. (64)

Және Ғад еліне туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. (65)

Елінің қарсы болған тобы: “Әрине біз сені есуас көреміз. Және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз” деді. (66)

“Әй елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді. (67)

“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Әрі сендерге сенімді бір үгітшімін…” (68)

“Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.”(69)

Олар: “Сен бізге жалғыз ғана Аллаға құлшылық қылуымыз және ата-бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер рас айтушылардан болсаң, бізді құқайлаған азабыңды әкел” деді. (70)

(Һұд Ғ.С.): “Раббыларың тарапынан азап және ашу тиісті болды. Алла оған ешбір дәлел түсірмеген, аттарын, өздерің және аталарың қойған тәңірлерің жайында менімен таласасыңдар ма? Енді нәтижені күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін” деді. (71)

Сонда Һұд (Ғ.С.) ты, онымен бірге болғандары мәрхаметімізбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың және сенбегендердің артын үздік. (72)

Және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді. (73)

Еске алыңдар! Сол уақытта Ғадтан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер. (74)

Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді. (75)

Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді. (76)

Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді. (77)

Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлерінде етпеттеген бойдарында қалды. (78)

Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді. (79)

Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді. (80)

«Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер» (81)

Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады. (82)

Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды. (83)

Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың соңының қалай болғанын көр! (84)

Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман келтірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» деді. (85)

«Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер аз едіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар!» (86)

«Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы» (87)

Елінің дандайсыған бастықтары: «Әй Шұғайып! Әрине сені де сенімен бірге иман келтіргендерді де кентімізден шығарамыз, немесе дінімізге қайтасыңдар» деді. Шұғайып (Ғ.С.): «Жақтырмасақ та ма?»,- деді. (88)

«Алла бізді діндеріңнен құтқарғаннан кейін қайталасақ, расында Аллаға өтірік жала қойған боламыз. Бірақ Раббымыз қаласа, оған қайтуымызға болады. Раббымыздың білімі әр нәрсені сыйдырды. Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз! Біз бенен еліміздің арасына туралықпен Сен үкім ет. Сондай-ақ Сен билік айтушылардың ең жақсысың» (деді Шұғайып Ғ.С.) (89)

Елінің ішінен қарсы болған бастықтары: «Егер Шұғайыпқа ілессеңдер, сол уақытта анық зиян етушілерден боласыңдар» деді. (90)

Сонда оларды бір сілкініс қолға алып жұрттарында етпеттеген бойларында қалды. (91)

Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар, тіпті жұрттарында болмағандай болды. Сондай-ақ Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар зиян тартты. (92)

Сонда ол, олардан бет бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның нұсқауларын жалғастырдым әрі сендерге үгіт еттім. Ал енді қарсы болған бір елге қайтып қайғырамын?»,- деді. (93)

Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық. (94)

Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды. (95)

Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық. (96)

Кенттердің халқы, өздеріне азабымыздың түнделетіп, олар ұйқыдағы кезде келуінен қауіпсіз бе? (97)

Және де ол кенттердің елі, күн көтеріле бере ойнап жүрген сәтте, азабымыздың келуінен кәперсіз бола ала ма? (98)

Сондай-ақ Алланың кәрінен аман бола ала ма? Алланың бейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды. (99)

Жердің бұрыңғы иелерінен кейінгі мұрагерлер түсінбей ме? Егер қаласақ, күнәларына қарай бейнет берер едік. Сондай-ақ жүректерін мөрлейміз, сондықтан олар естімейді. (100)

(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл кенттердің қиссаларын саған баян етеміз. Әрине оларға елшілері ап-ашық дәлел келтірген еді. Сонда да бұрын өтірік деген нәрселеріне сенгілері келмеді. Міне Алла, қарсы болушылардың жүрегін өстіп мөрлейді. (101)

Олардың көбін уәде де таппадық. Әрі олардың көбін мүлде бұзық көрдік. (102)

Одан кейін Мұса (Ғ.С.) ны Перғауын және сыбайластарына мұғжизалармен жібердік. Сонда олар, мұғжизаға қарсы келді. Ал енді бұзақылардың соңының қалай болғанын көр. (103)

Мұса (Ғ.С.): «Әй Перғауын! Шынында мен бүкіл әлемнің Раббы тарапынан жіберілген бір елшімін» деді. (104)

«Аллаға хақиқатты ғана айтуға міндеттемін. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел әкелдім. Енді Израил ұрпақтарын менімен бірге жібер» деді. (105)

(Перғауын): «Егер сен бір мұғжиза келтірген болсаң, ал оны әкел. Егер сөзің шын болса» деді. (106)

Сонда (Мұса Ғ.С.) таяғын тастады. Ол, дереу ашықша бір айдағар болды. (107)

Тағы қолын шығарды. Сонда ол, қараушыларға аппақ көрінді. (108)

Перғауын елінің бастықтары: «Күдіксіз мынау анық білгіш сиқыршы» деді. (109)

«Сендерді жұрттарыңнан шығарғысы келеді. Не бұйырасыңдар?» (110)

«Оны да туысын да тоқтатып қойып, қалаларға жинаушылар жібер.» (111)

«Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін» (десті) (112)

Сиқыршылар, Перғауынға келіп: «Егер біз жеңіске ие болсақ, әрине бізге сыйлық бар шығар» деді. (113)

(Перғауын): «Әрине! Әрі жақын адамдарымнан боласыңдар» деді. (114)

(Сиқыршылар): Әй Мұса! Енді (өнеріңді ортаға) не сен қой немесе біздер қояйық деді. (115)

(Мұса Ғ.С.): «Сендер қойыңдар» деді. Олар (өнерлерін) қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді. (116)

Мұсаға: «Таяғыңды таста» деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады. (117)

Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті. (118)

Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты. (119)

Сиқыршылар сәждеге жығылды. (120)

Олар: «Бүкіл әлемнің Раббына сендік» деді. (121)

«Мұса мен һарунның Раббына….» (122)

(Перғауын): «Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Расында бұл, қала халқын шығару үшін жасаған бір әдістерің. Бәлем жақында көресіңдер.» деді. (123)

«Әрине қол-аяқтарыңды шадырлата кестіремін, сонсоң түгелдей астырамын» (124)

(Сиқыршылар): Сөзсіз, Раббымызға айналамыз! ,- деді. (125)

«Сен, бізден Раббымыздың аяттары келгенде иман келтірді деп қана өш аласың. Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір!….» (126)

Перғауын елінің бастықтары: «Мұсаны және елін, жер жүзінде бүліншілік қылсын және сені де, тәңірлеріңді де тастасын деп қоя бересің бе? » деді. (Перғауын оларға): «Ұлдарын өлтіреміз де әйелдерін тірі қоямыз. Әрине біз олардың үстінде өктембіз» деді. (127)

Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыр етіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол, құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі» деді. (128)

(Елі Мұса Ғ.С.ға): «Сен бізге келуден бұрын және сен бізге келгеннен кейін де қиналдық» деді. (Мұса Ғ.С.): «Раббыларың дұшпандарыңды жойып, орнына сендерді ол жерге орналастыруы мүмкін. Бірақ сендердің де қалай істейтіңдеріне қарайды» деді. (129)

Шынында, Перғауын тобын, үгіт алулары үшін жылдарша жемістерін кемітіп, қолға алдық. (130)

Қашан оларға бір жақсылық келсе: «Бұл біздің хақымыз» деп, егер оларға бір жамандық жетсе, Мұса және онымен бірге болған кісілерді ырымдайды. Байқаңдар! Олардың сәтсіздіктері Алла тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді. (131)

Тағы олар: «Бізді жадылау үшін қанша мұғжиза келтірсең де саған сенбейміз» деді. (132)

Сондықтан оларға ашық мұғжизалар түрінде; топан суы, шекіртке, бит, бақа және қан жібердік. Сонда да олар менменсіген әрі олар күнәкар бір қауым болды. (133)

Оларға азап келген кезде: «Әй Мұса! Раббыңа, саған берген уәдесі бойынша жалбарын. Егер бізден азабын айықтырсаң, әрине саған сенеміз де Израил ұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз» деді. (134)

Қашан олардан белгілі мерзімге дейін азапты айықтырсақ, сол уақытта олар серттерін бұзды. (135)

Аяттарымызды жасынға шығарып, оны елемегендіктерінен оларды теңізге батырып жазасын тарттырдық. (136)

Сондай езілген халықты (Израил ұрпақтарын) біз құнарлы қылған жердің шығысына да батысына да мұрагер қылдық. Сөйтіп олардың сабыр қылулары себепті Раббыңның Израил ұрпақтарына деген игі сөздері орындалды. Сондай-ақ Перғауын мен елінің, биіктетіп жасап бара жатқандарын талқандадық. (137)

Тағы Израил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда олар бұттарына шоқынған бір елге келді: «Әй Мұса! Бұлардың тәңірлері құсаған бізге тәңір жаса» деді. (Мұса Ғ.С.): «Шынында сендер білмейтін елсіңдер» деді. (138)

«Сөзсіз олардың діндері жойылады да олардың істеген істері босқа кетеді.» (139)

«Сендерге бүкіл әлемнен сендерді артық қылған Алладан басқа тәңір іздеймін бе?»,- деді. (140)

(Израил ұрпақтары,) ойлаңдар! Сендерді қатты азаппен қинаған, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойған Перғауын семьясынан құтқарған едік. Осыларда сендер үшін Раббыларың тарапынан зор сынау бар. (141)

Мұса (Ғ.С.) ға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса (Ғ.С.) туысы һарұнға: «Елімнің ішінде орынбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме» деді. (142)

Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді. (143)

(Алла Т.): «Әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» деді. (144)

Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?» (145)

Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары. (146)

Аяттарымызды, ақыретке кездесуді өтірік дегендердің амалдары жойылып, істеріне қарай ғана жазаланады. (147)

Мұса (Ғ.С.) дан кейін елі; сәндік-бұйымдардан дабысы бар бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар, ол бұзаудың өздерімен сөйлеспейтінін және оларды тура жолға салмайтынын көрмей ме? Олар оны тәңір тұтып, залымдардан болды. (148)

Олардың қолдары түскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп: «Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиян тартушылардан боламыз» десті. (149)

Мұса (Ғ.С.) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде: «Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларыңның әміріне асықтыңдар ма?»,- деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысы (Һарұн) ның басынан ұстап өзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): «Әй анамның ұлы! Расында бұл ел мені, басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма да мені залым елмен бірге санама!»,- деді. (150)

Мұса (Ғ.С.): «Раббым! Мені және туысымды жарылқа, бізді мәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың» деді. (151)

Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Қараушыларды осылайша жазалаймыз. (152)

Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тәубе қылып, иман келтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (153)

Мұсаның ашуы басылғанда, тақтайларды алды. Нұсқасындағы жазуда; Раббыларынан қорыққандарға тура жол және мәрхамет бар еді. (154)

Мұса (Ғ.С.) белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі сайлады. Сонда оларды жер сілкіну қолға алғанда (Мұса Ғ.С.): «Раббым! Егер қаласаң оларды да мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің иемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең жақсысың.» деді. (155)

«Бізге осы дүниеде және ақыретте жақсылық жаза көр! Күдіксіз біз Саған бет бұрдық.» (Алла Т.): «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені сыйдырды. Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз» деді. (156)

Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммед Ғ.С.ға) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұр (Құран) ға ергендер, міне солар құтылушылар. (157)

(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығыңа Алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар де. (158)

Мұсаның қаумынан да тура жолға салатын және онымен әділдік істейтін бір топ бар. (159)

Біз Израил ұрпақтарынан он екі рулық топтарға бөлдік. Мұса (Ғ.С.) дан, елі су сұрағанда: «Таяғыңды тасқа ұр» деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау шықты да әркім өз суатын білді. Оларға бұлтты көлеңке қылып, өздеріне «Мәнна, Сәлуаны» түсірдік: «Сендерге Біз берген таза ризықтан жеңдер» (дедік). Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өздеріне кесір тигізді. (160)

Сол уақытта оларға: «Осы қалаға орналасыңдар да (ол жердің өсімдіктерінен) қалағандарыңша жеңдер. «Күнәміз жарылқансын» деп қақпадан сәжде қылып кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, жақсылық істеушілерге тағы артық береміз» делінді. (161)

Сонда олардың залымдары; сөзді, өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. Олардың зұлымдық істегендіктері салдарынан көктен азап жібердік. (162)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сенбіні құттықтаған күндерінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. (163)

Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді. (164)

Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. (165)

Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік. (166)

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың оларды қиямет күніне дейін жаман қинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тез жазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (167)

Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері бар әрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де, жамандықпен де сынадық. (168)

Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз» дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаға байланысты шындықты ғана айтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде ақырет жұрты тақуалар үшін қайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (169)

Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды; дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз. (170)

Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Израил ұрпақтарының үстеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. «Сендерге берген Кітапты мықты ұстаңдар да ішіндегілерді түсініңдер, әрине тақуа боласыңдар» (дедік). (171)

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?»,- (дегенде,) олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер. (172)

Немесе: «Бұрыңғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Сонда бізді бұзақылардың қылығымен жоқ етесің бе?»,- (демеулерің үшін.) (173)

Олардың тура жолға қайтулары үшін аяттарымызды өстіп ашық баян етеміз. (174)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтандарға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. (175)

Егер қаласақ, аяттарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егер оған тап берсең де тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед Ғ.С.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. (176)

Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! (177)

Алла (Т.) кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар. (178)

Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер. (179)

Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады. (180)

Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар. (181)

Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды олар, білмеген жақтан бірте-бірте жоямыз. (182)

Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң. (183)

Олар жолдастары (Мұхаммед Ғ.С.) ның жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана. (184)

Олар, көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне, және Алла жаратқан нәрселеріне сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар, бұдан кейін қай сөзге сенеді? (185)

Алла кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші жоқ. Онда оларды қаңғырыстарында абыржытып қояды. (186)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де. (187)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді; қорқытушы, қуандырушы ғанамын» де. (188)

Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды. (189)

Дегенмен Алла оларға дұрыс бала берген кезде, олар өздеріне берген бала жайында Аллаға шерік қата бастады. Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан жоғары (пәк). (190)

Олар, еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсені Аллаға шерік қата ма? (191)

(Аллаға шерік қатқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды. (192)

Егер шерік қатқан нәрселеріңді тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, сендерге бәрі бір. (193)

Расында Алладан өзге шоқынғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін. (194)

Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретін көздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Аллаға қосқан ортақтарыңды шақырыңдар да, сонан соң маған мұрса бермей айлакерлік жасаңдар» де. (195)

Шынында менің ием Құран түсірген Алла. Ол, жақсыларға иегершілік етеді. (196)

Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды. (197)

Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді. (198)

(Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр. (199)

Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші. (200)

Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді. (201)

Кәпірлердің туыстары (шайтандар), азғындыққа тартады да сонсоң олар қырсоңынан қалмайды. (202)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірмесең, олар: «Оны өзің неге жасамадың?»,- дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет». (203)

Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. (204)

(Мұхаммед!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі-кеш зікір ет. Сондай-ақ кәперсіздерден болма. (205)

Расында Раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады. (206)

Ән’ам сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына (басқаларды) теңейді. (1)

Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме? (2)

Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көрнеулеріңді де, көместеріңді де біледі. (3)

Оларға Раббыларынан әрқандай аят келсе, олар одан мүлде бет бұрушы еді. (4)

Тіпті оларға келген шындықты (Құранды) да жасынға шығарды. Дегенмен жақында тәлкек қылғандарға (жазасының) хабары келеді. (5)

Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстары себепті оларды жоқ еттік те олардан кейін басқа нәсіл жараттық. (6)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап-ашық сиқырдан басқа емес» дер еді. (7)

Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?»,- деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. (8)

Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік. (9)

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрынғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, ажыуалаған нәрселері бастарына жетті. (10)

«Жер жүзін кезіңдер де сонан соң өтірікке ұйғарушылардың соңы не болатынын көріңдер.» де. (11)

(Оларға) айт: «Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?», «Алланікі» де. Ол мәрхамет етуді өз міндетіне алған. Сендерді болуы күмәнсіз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер; олар сенбейді. (12)

Күндіз-түні тұрып тұрған нәрселер Онікі. Ол әр нәрсені естуші, білуші. (13)

«Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі қоректендіретін, қоректенбейтін Алладан басқаны дос тұтайын ба?»,- де. «Күдіксіз мен Мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де. Және әсте ортақ қосушылардан болма. (14)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Раббыма қарсы келсем ұлы күннің азабынан қорқамын» де. (15)

Ол күні кім азаптан сейілтілсе, рас оған мәрхамет етілді. Осы анық қол жетушілік. (16)

Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші. (17)

Және Ол құлдарына өте өктем. Ол толық үкім иесі, әр нәрседен хабар алушы. (18)

(Мұхаммед Ғ.С.) «Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уахи етілді; Сендер Алламен бірге басқа тәңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?»,- де. «Мен куәлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол, жалғыз тәңір. Күдіксіз мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де. (19)

Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммед Ғ.С. ды) ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді. (20)

Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды. (21)

Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: «Аллаға ойша қосқан ортақтарың қайда?» дейміз. (22)

Сонан кейін олардың: «Аллаға серт! Раббымыз, біз ортақ қоспаған едік» дегеннен басқа сылтаулары болмайды. (23)

Қара! Олар өздеріне қалай өтірік айтты. Және Алланың ортағы деген пұттары сөйтіп жоқ болды. (24)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан саған кейбіреулері құлақ салады. Бірақ олардың жүректеріне ұқпайтын қалтқы қойдық әрі құлақтарында кереңдік бар. Олар әр мұғжизаны көрсе де сенбейді. Тіпті саған келсе, олар сөз таластырады да қарсы болғандар: «Бұл (Құран) бұрынғылардың ертегілерінен басқа еш нәрсе емес» дейді. (25)

Олар (адамдарды) тосады да, өздері де одан ұзақтасады. Сөйтіп өздерін жояды. Бірақ олар сенбейді. (26)

Олардың отқа тоқтатылғанын көрсең: «Әттең! Біз (дүниеге) қайтарылсақ, Раббымыздың аяттарын өтірікке ұйғармас едік те сенушілерден болар едік» дейді. (27)

Керісінше олардың бұрыннан жасырған нәрселері айқындалды. Егер олар дүниеге қайтарылса еді, әрине оларға тыйым салынған істерді қайтадан істер еді. Күдіксіз олар мүлде өтірікші. (28)

Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. Тағы бір қайта тірілуші емеспіз» деді. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыларының құзырында тоқтатылғандарын көрсең! (Алла): «Бұл шындық емес пе екен?»,- дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызға ант етеміз» дейді. Алла, оларға: «Ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабын татыңдар» дейді. (30)

Расында сондай Аллаға жолығуды өтірікке жорығандар, зиянға ұшырады. Хатте оларға кенеттен қиямет келсе, олар: «Өкінішке орай бұл жөнінде кемшілік қылған екеміз ғой» дейді. Олар күнәларын арқаларына көтереді. Сақ болыңдар! Көтергендері нендей жаман. (31)

Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана. Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (32)

Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді. (33)

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расында саған пайғамбарлардың қиссаларынан келді. (34)

Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! (Мұғжиза келтіру пайғамбарлардың еркінде емес. Алланың қалауы бойынша болады.) Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма. (35)

Шынымен тыңдағандар қабылдайды. Сондай-ақ өліктерді Алла тірілтеді. Сонан кейін оның алдына қайтарылады. (36)

Олар: «Ол пайғамбарға бір мұғжиза түсірілсе еді?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шәксіз Алланың мұғжиза түсіруге күші жетеді. Бірақ олардың көбі білмейді.» де. (37)

Жердегі жүрген жандық және қанатымен ұшқан құс; (жаратылу, көректену, өмір және өлімде) сендер құсаған топтықтар. Жазуда еш нәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады. (38)

Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау, сақау қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады. (39)

Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де. (40)

Керісінше, Ол Алланы ғана шақырасыңдар да Ол қаласа, шақырған нәрселеріңнен айықтырады. Қосқан ортақтарыңды ұмытасыңдар….(41)

Расында сенен бұрыңғы үмметтерге де (пайғамбар) жіберген едік… Олар жалбарынсын деп, таршылық, қиыншылық арқылы қолға алдық. (42)

Сонда оларға таршылығымыз келген заман жалбарынса еді. Бірақ олардың жүректері қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемі көрсеткен. (43)

Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз-мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір-ақ үзді. (44)

Сонда зұлымдық қылған елдің арты кесілді. Және барлық мақтау әлемдердің Раббы Аллаға тән. (45)

(Әй Мұхамед Ғ.С.): «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейінде олар, одан жүз бұрады. (46)

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Маған көрсетіңдер! Егер сендерге кенеттен немесе көрнеу Алланың азабы келсе, залым елден басқа кім жоқ етіледі?» (47)

Елшілерімізді қуантушы әрі қорқытушы етіп жібереміз. Сонда кім иман келтіріп өзін түзелтсе, онда оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды. (48)

Және аяттарымызды жасынға шығарғандарды зұлымдықтары себепті азап қолға алады. (49)

(Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де. (50)

Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынулары керек. (51)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума. Олардың есебінен саған еш нәрсе жоқ. Және сенің есебіңнен оларға да еш нәрсе жоқ. Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қылғандардан боласың. (52)

«Арамыздан Алланың игілік еткен адамдары осы ма?»,- деулері үшін сынадық. Алла (Т.) шүкірлік еткендері біледі емес пе? (53)

Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сәламүн Ғалейкүм (Сендерге есендік болсын)» де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейін тәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (54)

Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз. (55)

«Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С.). (56)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстіндемін. Сендер оны жалғандадыңдар. Сендер, жедел тілеген (азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тән. Ол туралықпен үкім етеді. Және Ол үкіметушілердің ең жақсысы» де. (57)

«Егер сендердің асығыс тілегендерің менде болса еді, әрине сендер мен менің арамда іс біткен болар еді» де. Алла (Т.) залымдарды толық біледі. (58)

Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар. (59)

Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді. (60)

Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорғаушы (періште) лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді. (61)

Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрегі. (62)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Құрлықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер» де. (63)

(Әй Мұхаммед ! Оларға) айт: «Сендерді бұдан әрі барлық бейнеттерден Алла құтқарады. Сонда да сендер ортақ қосасыңдар!» (64)

«Ол, сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. (65)

(Құранды) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге уәкіл емеспін» де. (66)

Әр хабардың нәтижеленетін бір уақыты бар. Жақында білесіңдер. (67)

(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың ажыуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіне түскененнен кейін залымдар тобымен бірге отырма! (68)

Сондай сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілік) еш нәрсе түспейді. Бірақ ескертуге болады. Бәлкім олар сақсынар. (69)

Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан түршігерлік азап бар. (70)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,- де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де. (71)

«Намазды толық орындауға, Алладан қорқуға (бұйырылдық.)» Ол сондай Алла, құзырына барып жиналасыңдар. (72)

Ол, көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (қиямет) күні әкімшілік Оныкі. Көместі және көрнеуді білуші әрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы. (73)

Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдарма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген. (74)

Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік. (75)

Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: «осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді. (76)

Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді. (77)

Және шыққан күнді көргенде: «осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді. (78)

«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді. (79)

Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді. (80)

«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.» (81)

Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер. (82)

Ыбырайым (Ғ.С.) ның еліне байланысты берген дәлеліміз осы. Қалағанымыздың дәрежесін көтереміз. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші. (83)

Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік). Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз. (84)

Және Зәкерия, Яхия, Ғиса және Ілияс барлығы жақсылардан. (85)

Және Ысмайыл, Әлясағ, Юныс әрі Лұт, барлығын әлемге ардақты қылдық. (86)

Және олардың аталарынан, ұрпақтарынан, туыстарынан да таңдап алып тура жолға салдық. (87)

Алланың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға салады. Егер олар ортақ қосса еді, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді. (88)

Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлық бергендеріміз. Егер енді бұлар (Құрайштар), қарсы келсе, қарсы келмейтін бір елді оларға уәкіл етеміз. (89)

Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары. (Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу және: «Сендерден ақы сұрамаймын. Өйткені Құран әлемге үгіт ғана.» де. (90)

Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді» деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын. (91)

Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді. (92)

Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді» деген, және: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең! (93)

«Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз-жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастатыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым-жылас болды». (94)

Күдіксіз Алла, түйірді және ұрықты жарушы. Және өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне Алла осы. Ал сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар? (95)

Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар, аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі. (96)

Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік. (97)

Және Ол, сендерді бір-ақ кісіден жаратқан. Сендерге (атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде, астында) уақытша тұрақ әрі орын бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан-ашық баян еттік. (98)

Және Ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрлі өсімдікті шығардық та, одан жасылдық (көк) шығарып үсті-үстіне ұйысқан түйірді шығарамыз. Және құрма ағашының қауашығынан салбыраған шумақтар және жүзім бақтарын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтін, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әрі піскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларда сенген ел үшін әрине дәлелдер бар. (99)

Және де олар, Алла жаратқан жындарды Оған теңеді. Және олар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттанғандарынан пәк, жоғары. (100)

Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша болады? Оның бір жұбайы жоқ. Барлық нәрсені жаратқан әрі Ол, ән нәрсені толық білуші. (101)

Міне бұл сипаттарға ие болған Раббыларың Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, барлық нәрсені жаратушы. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар. Ол әр нәрсеге кепіл. (102)

Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол, өте жұмсақ, толық білуші. (103)

Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін. (104)

Осылайша аяттарды ашық түсіндіреміз. Олар: «Біреуден үйренген екенсің» дейді. Сөйтсе де Құранды білген елге түсіндіреміз. (105)

Раббың тарапынан саған уахи етілгенге мойын ұсын, Алладан басқа тәңір жоқ. Ортақ қосушылардан жүз бұр. (106)

Егер Алла қаласа еді, олар ортақ қоспас еді. Сені оларға күзетші қылмадық. Сондай-ақ сен оларға кепіл де емессің. (107)

Олардың Алладан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді. Осылайша әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары Раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді. (108)

Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен қатты ант қылды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Мұғжизалар Алланың қасында» де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме? (109)

Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз. Олар қаңғырып жүреді. (110)

Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді. (111)

Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой. (112)

Олар, ақыретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнәларын істей берсін (деп күңкілдейді). (113)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Ол, сендерге егжей-тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- (де) Және сондай Кітап бергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма. (114)

Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші. (115)

Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды. (116)

Күдіксіз Раббың жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол, тура жолдағыларды да әбден біледі. (117)

Ендеше, Алланың аяттарына сенуші болсаңдар Алланың аты айтылғаннан жеңдер. (118)

Аллланың аты айтылғанды жемейтін сендерге не болды? Өте шарасыз болмағанда сендерге арам етілген нәрселерді ашық білдірген. Олардың көбі білместіктен ойша адастырады. Күдіксіз Раббың Ол, шектен шығушыларды жақсы біледі. (119)

Күнәнің көрнеуін де көмесін де тастаңдар. Күдіксіз күнә істегендер, істегендері себепті жазаландырады. (120)

Және оған, Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыпайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) серік қосушылардан боласыңдар. (121)

Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге, істеген істері әдемі көрсетілді. (122)

Сөйтіп әр кентте онда айлакерлік қылулары үшін оның бұзықтарын бастық қылдық. Олар өздеріне ғана айлакерлік жасағандарын аңғармайды. (123)

Оларға бір аят келген сәтте: «Алланың елшілеріне берілген сияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз» деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлық әрі қатты қинауға душар болады. (124)

Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды. (125)

(Мұхаммед Ғ.С.): Міне осы Раббыңның тура жолы. Расында үгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік. (126)

Оларға Раббыларының қасында бейбіттік жұрты бар. Істегендері себепті Алла, олардың досы. (127)

Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінеді). Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да): «Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші. (128)

Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз. (129)

«Әй жын мен адамдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?»,- (делінеді). Олар: «Раббымыз! Өзімізге куәміз» дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анық қарсы болғандықтарына айғақ болды. (130)

Осы (елші жіберілу), Раббың, халқы хабарсыз бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші емес. (131)

Және әркімнің істегеніне қарай дәрежелері бар. Раббың олардың істеген істерінен хабарсыз емес. (132)

Раббың бай әрі мәрхамет иесі. Қаласа сендерді кетіреді де, сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқанындай сендерден кейін қалағанын орындарыңа келтіреді. (133)

Күдіксіз сендерге етілген уәде (қиямет) әлбетте келеді. Сендер тоса алмайсыңдар. (134)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй елім! Шамаларыңша істеңдер. Әрине мен де істеушімін. Соңғы жұрт кімдікі болады? Тез білесіңдер. Расында зұлымдар құтылмайды» де. (135)

Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойларынша: «Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі» деді. Сонда ортақтарынікі ортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді. (136)

Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды жасандылары бойынша қойып қой. (137)

Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары (мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады. (138)

Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортақ. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші. (139)

Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды. (140)

Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зәйтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді. (141)

Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан. (142)

(Жаһилиет дәуірінде араптар малдардың кейде еркегін, кейде ұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен екен.) Ол сегіз түр жаратты. (Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер» де. (143)

Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?»,- де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды. (144)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шықпай шарсыз қалса, (жеуіне болады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. (145)

Және Яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Әрі оларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс майларымен шажырқай және жілік майларын арам қылмадық. Осылайша олардың шектен шығулары себепті жазаландырдық. Расында турасын айтушымыз. (146)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, (оларға): «Раббыларың мәрхамет иесі және Оның бейнеті күнәкар қауымнан қайтарылмайды» де. (147)

Аллаға серік қатқандар: «Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да серік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.» дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған. (Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар» де. (148)

«Жетік дәлел Алланікі, егер қаласа сендерді түгел тура жолға салар еді» де. (149)

(Оларға): «Расында Алла осыны арам қылды деп, айғақ болатын айғақтарыңды келтіріңдер» де. Егер олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме де аяттарымызды жасынға шығарып, ақыретке сенбегендердің әуесіне еліктеме. Олар, Раббыларына теңдес қосады. (150)

(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылықтан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.» (151)

Жетімнің малына жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейін жақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланың уәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер. (152)

Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге осыларды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар. (153)

Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әр нәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер. (154)

Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер. (155)

«Шынайы түрде бізден бұрыңғы (Яһуди, Христиан) екі топқа Кітап түсірілді де біз олардың оқығандарынан мүлде хабарсызбыз» дерсіңдер (деп.) (156)

Немесе: «Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы тура жолда болар едік» дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себепті жаман қинаумен жазалаймыз. (157)

Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де. (158)

Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді. (159)

Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды. (160)

«Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де. (161)

«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де. (162)

«Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын» де. (163)

«Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа Раб іздейін бе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. Біреудің күнәсын біреу көтермейді. Сонан соң қайтар жерлерің Раббыларың. Сонда қайшылықта болған нәрселеріңді білдіреді» де. (164)

Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде, сынау үшін дәрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді. (165)

Мәида сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әй мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар. Сендерге ыхрамда аңды халал санамау шартымен, сендерге түсіндірілетіндерден басқа хайуандар халал қылынды. Күдіксіз Алла не тілесе оны әмір етеді. (1)

Әй иман келтіргендер! Алланың белгілеріне, (хаж амалдарына,) құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге және Раббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты үйге (Кағбаға) келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер. Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар. Және сендерді Месжіт Харамнан тосқан елдің кегі, шектен шығуларыңа сылтау болмасын. (Сендерді Кағбадан тыйған болса да, кек сақтамаңдар.) жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты. (2)

Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық. Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса (жеуге болады.) Шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (3)

Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығын сұрайды: “Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер) халал қылынды” де. Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла (Т.) есепте өте тез. (4)

Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлы әйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дерден де абыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді. Кім иманға қарсы шықса, Сонда оның амалы жойылды және ол, ақыретте де зиян етушілерден болады. (5)

Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды. (6)

Алланың сендерге берген нығметін және: “Естідік, бой ұсындық” деп байлаған серттеріңді еске алыңдар! Әрі Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алла көкіректегілерді толық білуші. (7)

Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы. (8)

Алла (Т.) сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау әрі ірі сыйлық уәде етті. (9)

Сондай қарсы келіп, аяттарымызды өтірікке ұйғарғандар, солар тозақтық. (10)

Әй мүміндер! Алла (Т.) ның сендерге берген бағын еске алыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (11)

Расында Алла Израил ұрпақтарынан уәде алған еді. Олардан он екі бастық жіберген едік. Алла (оларға): “Мен сендермен біргемін; егер намазды орындасаңдар, зекет берсеңдер, елшілеріме иман келтіріп, оларға көмек берсеңдер және Аллаға көркем қарыз берсеңдер (Алла жолында мал жұмсасаңдар), әлбетте жамандықтарыңды жойып, сендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Ал сонда сендерден біреу қарсы болса, тура жолдан адасқан болады” деді. (12)

Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайы сезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілік істеушілерді сүйеді. (13)

Және “Христианбыз” дегендерден де серт алған едік. Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Алла (Т.) оларға не істегендерінің хабарын тез береді. (14)

Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді. (15)

Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады. (16)

Расында: “Алланы, Мәриям ұлы Мәсих” дегендер кәпір болды. “Егер Алла, Мәриям ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?”,- де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. Ол қалағанын жаратады әрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. (17)

Яһудилер мен Христиандар: “Біздер Алланың ұлдары және сүйгендеріміз” деді. Оларға айт: “Онда Алла күнәларың себепті сендерді неге азаптайды? Керісінше сендер Алланың жаратқан адамысыңдар.” Алла қалаған кісісін жаратып және қалаған кісісін азаптайды. Көктердің және жердің әрі екі арасындағылардың барлығы Алланың иелігінде және барар жер де Оның алды. (18)

Әй Кітап иелері! Пайғамбардың арасы үзілгенде, сендерге Елшіміз келді. “Бізге қуантушы, қорқытушы келмеді” дерсіңдер деп, міне сендерге қуантушы, қорқытушы Елші елді. Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетуші. (19)

Бір заманда Мұса(Ғ.С) өз еліне: “Әй елім! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды, әрі сендерді патшалар жасады. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге берілмеген нығмет берді” деген. (20)

Және: “Әй елім! Алла,сендерге жазған қасиетті жерге (Құдыс, Шамға) кіріңдер. Арттарыңа қайтпаңдар, әйтпесе зиян етушілерге айналасыңдар” деген. (21)

Олар: “Әй Мұса! Ол жерде зорлықшыл ел бар. Олар ол жерден шықпайынша біз ол жерге әсте кірмейміз. Егер олар ол жерден шықса әрине кіреміз” деді. (22)

Қорыққандардан болып, өздерін Алла нығметке бөлеген екі кісі: “Олардың үстіне қақпадан кіріңдер. Сонда қашан одан кірсеңдер, сендер үстем боласыңдар. Егер мүмін болсаңдар Аллаға тәуекел етіңдер” деді. (23)

“Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине біз мұнда отырамыз” деді. (24)

(Мұса Ғ.С): “Раббым! Мен өзіме, туысыма ғана ие бола аламын. Бұзақы елден арамызды ажырата көр!” деді. (25)

(Алла Т.): “Енді оларға, ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды. Олар сол жерде абыржып жүреді. Онда бұзақы елге қайғырма” деді. (26)

(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: “Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді.” (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : “Әлбетте мен сені өлтіремін” деді. Сонда (һабыл): “Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді” деді. (27)

“Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!” (28)

“Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы.” (29)

Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырды да ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (30)

Сонда Алла, оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға, жерді қаза бастағанда: “Әттең! Маған не болды? Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?”,-деді де, өкінушілерден болды. (31)

Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық. Расында оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келді. Бірақ содан кейін де олардың көбірегі жер жүзінде шектен шығушылар болды. (32)

Алла және Елшісімен жағаласқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы: Өлтірілулері, не асылулары, яки, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айдалулары. Бұл олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін ақыретте ірі азап бар. (33)

Бірақ сендердің оларға ықпалдарың жүруден бұрын тәубе қылғандар басқа. Сонда Алла (Т.) ның аса жарылқаушы, ерекше мейірімді екенін біліңдер. (34)

Әй иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, оған жақындасуды іздеңдер (бой ұсыну арқылы тырысыңдар.) Және екі дүниеде құтылып мұратқа жетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер. (35)

Күдіксіз сондай кәпірлер жер жүзіндегі барлық нәрсені және онымен бірге тағы сондай нәрсені қиямет күнінің азабынан (құтылу үшін) төлеуге салса да олардан қабыл етілмейді де, оларға жан түршігерлік қинау бар. (36)

Олар оттан шығуларын қалайды. Дегенмен олар одан шығушы емес. Және олар үшін тұрақты азап бар. (37)

Ер және әйел ұрының, қылмыстарына жаза әрі Алладан бір өнеге түрінде қолдарын кесіңдер. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі. (38)

Ал кім зұлымдықтан кейін тәубе қылса, түзелсе, сонда шәксіз Алла оның тәубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (39)

Расында көктер мен жердің әкімшілігі Аллаға тән екенін білмедің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Әрі Алланың әр нәрсеге күші жетуші. (40)

Әй Пайғамбар! Ауыздарымен: “Сендік” деп, жүректері сенбегендермен Яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін. Олар өтірікке құлақ асады; сондай-ақ саған келмеген басқа бір қауым үшін тыңдайды. Және олар сөзді орындалғаннан кейін өзгертеді: “Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!”,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.), біреудің бұзылуын қаласа, сен ол үшін Алладан дәнеңеге ие бола алмайсың. Міне солар, Алланың жүректерін тазартуды қаламағандар. Оларға дүниеде жапа әрі ақыретте де, зор азап бар. (41)

Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді. (42)

Олардың қасындағы Тәуратта Алланың үкімі бола тұра саған қалайша жүгініседі? Сонан соң да одан олар бас тартады. Өйткені олар сенуші емес. (43)

Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылармен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар. (44)

Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық. Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады (өз күнәсы кешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар. (45)

Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәриям ұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік. (46)

Інжіл иелері ондағы Алланың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар. (47)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді. (48)

Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе және саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз Алла оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық. (49)

Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық нанған ел үшін Алладан жақсы үкім беруші кім? (50)

Әй мүміндер! Яһудилер мен Христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Алла залым елді тура жолға салмайды. (51)

Сондай жүректерінде дерті бар мұнафықтардың: “Бізге бір сұмдық келуінен (Мұсылманнан күн кетіп қалуынан) қорқамыз” деп, олардың арасында жүгіріп жүргендерін көресің. Бәлкім Алла бір жеңіс берер немесе өз қасынан бір әмір берер, сонда олар жүректеріндегі жасырғандарына өкінер. (52)

Ал сондай иман келтіргендер: “Шынайы түрде сендермен біргеміз деп, Алланың атымен мықты ант ішкендер осылар ма?” дейді. Олардың амалдары жойылып, зиян етушілерден болды. (53)

Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші. (54)

Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуғ қылушы мүміндер. (55)

Кім Алланы, Елшісін және мүміндерді дос тұтса, шынайы түрде Алланы жақтаған топ. Солар, жеңіске ие болады. (56)

Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы-мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар. (57)

Және қашан намазға (азан) шақырсаңдар, олар оны ойын қылып келекеге алды. Осы, олардың шынайы түрде түсінбейтін халық болғандықтарынан. (58)

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй кітап иелері! Бізді Аллаға әрі өзімізге түсірілгенге және бұрынғы түсірілгенге иман келтіргендігіміз үшін ғана қоштамайсыңдар ма? Шынында көбің бұзақысыңдар.” (59)

(Оларға) айт: “Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?” Алла біреуді қарғап оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы пұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар. (60)

Және қашан олар сендерге келсе: “Иман келтірдік” дейді. Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардың жасырғандарын жақсы біледі. (61)

Олардың көбірегінің күнәда, дұшпандықта және арам жеуде жарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман. (62)

Егер олардың сопылары, ғалымдары; оларды күнәлы сөздерінен, арам жеулерінен тыйса еді! Әрине олардың істегендері нендей жаман. (63)

Және Яһудилер: “Алланың қолы байланған (сараң)” деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың құдырет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді. (64)

Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса еді, әлбетте олардың жамандықтарын жойып, оларды Нағым жаннатына кіргізер едік. (65)

Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының астынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді. (66)

Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды. (67)

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!” Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме. (68)

Негізінен Аллаға сенгендер, Яһудилер, Сабилер, және Христиандардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда оларға қорқу да жоқ әрі қайғырмайды. (69)

Әрине Израил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілер жіберген едік. Қашан да оларға бір елші, көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бір бөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді. (70)

Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.) олардың не істегендерін толық көруші. (71)

Расында Мәриям ұлы Мәсихты: “Алла” дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: “Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің Раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жаннатты арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ” деген. (72)

Расында: “Алла, үштің үшіншісі” дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі. (73)

Сонда да Аллаға тәубе етіп, жарылқану тілемей ме? Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (74)

Мәриям ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !) Қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып бара жатқандарын көр! (75)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: “Алладан өзге сендерге пайда, зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма?” Негізінде Алла, әр нәрсені естуші, білуші. (76)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрыңғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырған сондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер.” де. (77)

Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. (78)

Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман. (79)

Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Алланың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман. (80)

Егер олар Аллаға, Пайғамбарға және оған түсірілген Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар. (81)

Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түрінде Яһудилерді, Мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынан олардың жақынырағын: “Біз Христианбыз” дегендерден табасың. Бұл олардың даналары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті. (82)

Олар Пайғамбарға түсірілген (Құран) ді тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: “Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр!”,- дейді. (83)

“Аллаға әрі өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз? Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз.” (84)

Сонда Алла оларға бұл сөздері себепті астарынан өзендер ағатын, онда мүлде қалатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы. (85)

Және қарсы болғандар, аяттарымызды өтірікке жорығандар солар тозақтық. (86)

Әй мүміндер! Алланың сендерге халал еткен жақсы нәрселерді арам етіп шектен аспаңдар. Шынында Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді. (87)

Және Алланың сендерге берген халал, таза несібесінен жеңдер. Сондай-ақ өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар. (88)

Алла (Т.) анттарыңды бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер (Ант бұзсаңдар.) Оның төлеуі: үй-іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау. (Бұзған) анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар. Алла (Т.) сендерге аяттарын осылайша түсіндіреді, шүкірлік етерсіңдер. (89)

Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. (90)

Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма? (91)

Аллаға бой ұсыныңдар және де Елшісіне бой ұсынып сақтаныңдар. Сонда егер жүз бұрсаңдар, біліңдер! Пайғамбарымыздың міндеті ашық түрде жалғастыру ғана. (92)

Иман келтіріп ізгі іс істегендерге, қашан олар сақтанса, сене отырып игілік істесе, тағы сақтанып сенсе, сонан соң сақтанып жақсылық істесе, (бұрыңғы) жегендері күнә емес. Өйткені, Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді. (93)

Әй иман келтіргендер! Алла, кімнің, өзін көрмей-ақ қорқатынын мәлімдеу үшін; ыхрамда, қолдарың, найзаларың жетіп тұрған арқылы әлбетте сендерді сынайды. Кім бұдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар. (94)

Әй мүміндер! Сендер ыхрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны әтейге өлтірсе, оның жазасы; өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді. Не бодауына міскіндерді тамақтандыру немесе оның орнына ораза ұстау. Бұл істегенінің жазасын тату үшін. Алла (Т.) өткенді кешірді. Кім қайтадан істесе, Алла оны жазалайды. Алла өте үстем, өш алу күшіне ие. (95)

Сендерге теңіз аңы және оны жеу халал қылынды. Сендерге әрі жолаушыларға пайдалы. Және сендерге ыхрамдағы мезгіл бойынша құрлықтың аңы арам қылынды. Алдына жиналатын Алладан қорқыңдар. (96)

Алла (Т.) құрметті үй Кағбаны, адам баласы үшін тұрақ қылды. Және құрметті айды, құрбандықты және мойнына тағылған белгілерді де. Бұл Алланың көктердегі әрі жердегі нәрселерді шынайы түрде білетіндігін және күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білуші екендігін білулерің үшін. (97)

Біліңдер! Күдіксіз Алла қатты азап иесі, шынында Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (98)

Пайғамбарға жалғастыру ғана міндет. Алла көрнеу істегендеріңді де, жасырғандарыңды да біледі. (99)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сені арам нәрсенің көптігі қызықтырса да, лас пен таза бір емес. Ендеше, әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар, әрине құтыласыңдар” де. (100)

Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді. Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ. (101)

Расында сендерден бұрыңғы бір ел де сөйтіп сұрап, сонан кейін оған қарсы болған еді. (102)

Алла (Т.) “бахира, сайыба, уасила және хам” деп арнауға бұйырмады. Бірақ кәпірлер Аллаға өтірік жала қойды. Олардың көбі түсінбейді. (103)

Қашан оларға: “Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер” делінсе, олар: “Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді” дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма? (104)

Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарыңның барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнен хабарын береді. (105)

Әй мүміндер! Қашан сендерге өлім таяп, өсиет еткен сәтте, араларыңа өздеріңнен екі әділ ксі, немесе сендер жер жүзінде жолаушы жүріп өлім қайғысы келсе, өздеріңнен басқа екі айғақ болсын. Егер бұл куәлерден күдіктенсеңдер, намаздан кейін екеуін тосып қоярсыңдар. Сонда екеуі: “Алланың атымен ант етеміз. Егер жақындарымыз болса да антымызды сатпаймыз, Алланың әмірі бойынша куәлікті жасырмаймыз. Егер жасырсақ, әлбетте күнәкар боламыз” деп ант ішеді. (106)

Сонда егер ол екеуінің күнәкар болғандықтары байқалса, әріптестер жақтан ең жақын лайықты екеу, олардың орнына тұрып: “Алланың атымен берген куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен көрі аңығырақ. Әрі біз шектен шықпадық. Егер олай істесек, әрине залымдардан боламыз” деп ант ішеді. (107)

Бұл тұп-тура куәлік берулеріне және анттан кейінгі анттың қабыл етілмеуінен қорқуларына ең жақын жағдай? Және Алладан қорқыңдар, әмірді тыңдаңдар. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды. (108)

Қиямет күні Алла (Т.) пайғамбарларды жинап алып: “Сендерге не жауап берілді?”,- дейді. Олар: “Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз Сен ғана көместерді толық білушісің” деп жауап береді. (109)

Сол уақытта Алла (Т.): “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебрейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, даналықты, Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруыммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: “Бұл ашық жадыдан басқа еш нәрсе емес” дегенде, сені олардан қорғаған едім” деді. (110)

Сол уақытта Хауариларға: “Маған әрі Елшіме сеніңдер” деп білдірген едім. Олар: “Біз сендік, біздің шынайы Мұсылман болғандығымызға куә бол” деген еді. (111)

Сол уақытта Хауарилар: “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Раббың бізге көктен бір дастархан түсіре ала ма?” деген еді. “Егер сенсеңдер Алладан қорқыңдар” деді. (112)

Хауарилар: “Біздің одан жегіміз келеді. Жүректеріміз орнықсын әрі сенің бізге шын айтқаныңды білейік. Сондай-ақ оған куә болушылардан болайық” десті. (113)

Мәриям ұлы Ғиса: “Әй Алла! Раббымыз! Бізге аспаннан дастархан түсір! Бұрыңғы, соңғымызға мереке әрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен ризықтандырушылардың ең жақсысың” деді. (114)

Алла: “Күдіксіз Мен, ол дастарханды түсіремін. Сонда, егер одан кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны дүниеде ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын” деді. (115)

(Сол уақта) Алла: “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Адамдарға, Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?”,- дейді. (Ғиса Ғ.С.): “Әй Алла! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толык білушісің” дейді. (116)

Оларға: “Сен, маған бұйырғанды ғана; Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің әрі сендердің Раббыларың дегеннен басқаны айтпадым. Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені алған шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің.” (117)

“Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің.” (118)

Алла (Т.): “Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын жұмақтар бар. Олар онда мәңгі қалады да, Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қол жеткендік.” дейді. (119)

Көктер мен жер әрі екі арасындағылар Алланың меншігінде. Оның әрі нәрсеге күші толық жетеді. (120)

Ниса сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы. (1)

Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар; олардың малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені ол, күнә. (2)

Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақынырағы осы. (3)

Әйелдердің мәһерін (қалыңын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһерден бір нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын. (4)

Және Алланың сендерді басына тұрғызған малдарды ақылсыздарға бермеңдер. (Жетімнің малын ақылдары толмай өздеріне тапсырмаңдар.) Оларды көректендіріп, киіндіріңдер де, оларға сыпайы сөз сөйлеңдер. (5)

Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естиярлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті. (6)

Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар. (7)

Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер және міскіндер келсе, онда оларды құр тастамай бір нәрсе беріңдер де, өздеріне сыпайы сөз сөйлеңдер. (8)

Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын. (9)

Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын от пен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді. (10)

Алла сендерге, балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады. Егер әйелдер екінің үстінде болса, онда қалған малдың үштен екісі олардікі. Ал егер жалғыз қыз болса, онда жартысы онікі. Өліктің баласы болса, әке-шешесіне қалған малдың алтыдан бірі тиеді. Егер баласы болмай оның мұрагері әке-шешесі ғана болмай, онда шешесіне үштен бірі тиеді. Егер өліктің туыстары болса, онда шешесіне алтыдан бірі тиеді. (Бұлар) етілген өсиет және борыш өтелгеннен кейін орындалады. Сендер әкелеріңмен ұлдарыңның пайда тұрғысынан қайсысы жақын екенін білмейсіңдер. Бұл үкімдер, Алла тарапынан бекітілген. Күдіксіз Алла, терең білім, хикмет иесі. (11)

Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырған нәрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың қалдырған нәрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді; олардың өсиеті және борышы өтелгеннен кейін. Егер сендерде бала болмағанда, қалдырған нәрселеріңнің оларға төрттен бірі, сендерде бала болса, оларға сегізден бірі тиеді; өсиеттерің және борыш өтелгеннен кейін. Ал егер мирас алынатын әке-шешесіз және баласыз (кәлала) ер немесе әйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда әрбіріне алтыдан бірі, олар бірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады; өсиет және борыш өтелгеннен кейін. Өсиет, зиянсыз болу керек, Алланың нұсқауы осы. Алла (Т.) әр нәрсені білуші, өте жұмсақ. (12)

Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы. (13)

Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар. (14)

Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Алла бір жол қойғанға шейін үйлерде қамаңдар…(15)

Сендерден арсыздық істеген екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. (тиіспеңдер.) Негізінен Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. (16)

Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі. (17)

Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: “Енді шынайы тәубе қылдым” деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік. (18)

Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген қайыр жасап қойған болуы мүмкін. (19)

Егер бір жұбайды (ажыратып) орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып жатқан мәһер берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала қойып, ашық күнәлы болып аласыңдар ма? (20)

Олар сендерден ауыр серт алып, (некеленіп,) бір-біріңе қосылған едіңдер. (21)

Әйелдерден әкелерің үйленгендерді үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиренішті жаман жол. (22)

Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ өткен өтті. Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді. (23)

Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғанан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі. (24)

Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің адам баласысыңдар.) Ендеше күңдерді қожайындарының рұқсатымен олардың мәһерлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып, арсыздық істесе, онда оларға азат әйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. Бұл (күңді алу) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр етсеңдер, өздерің үшін қайырлы. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (25)

Алла (Т.) сендерге түсіндіруді және сендерді өздеріңнен бұрынғылардың тура жолдарына салуды сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Алла толық білуші, хикмет иесі. (26)

Алла (Т.) тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақ шаһуат қуғандар (жыныстық әуесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңды қалайды. (27)

Негізінен Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адам баласы нашар жаратылған. (28)

Әй мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді. (29)

Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай. (30)

Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынға кіргіземіз. (31)

Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Алла әр нәрсені толық білуші. (32)

Әке-шеше және жақындарыңның қалдырған нәрселерінің әрқайсысына мұрагер қылдық. Сондай-ақ сендермен серт байлағандарға да сыбағасын беріңдер. Алла (Т.) әр нәрсені бақылаушы. (33)

Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі. (34)

Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы. (35)

Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке- шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді. (36)

Бұлар сондай сараңдық қылып, адамдарға да сараңдық бұйырады. Сондай-ақ олар өздеріне Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсы болушылар үшін; қорлаушы азап әзірледік. (37)

Олар сондай Аллаға, ақырет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық. (38)

Я олар, Аллаға, ақырет күніне сеніп, Алланың өздеріне берген несібесінен пайдаландырса, оларға не болар еді? Әрине Алла оларды толық біледі. (39)

Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді. (40)

(Мұхаммед Ғ.С.) әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді? (41)

Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен-жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды. (42)

Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындассаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы. (43)

(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды. (44)

Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ Алла, достықта жетіп асады әрі жәрдемшілікте де жеткілікті. (45)

Сондай Яһудилердің кейі; сөзді орындарынан өзгертеді де: “Естідік те қарсы келдік”, “Естіші қане естімегір” және дінді кекеп, тілдерін бұрай: “Рағина” дейді. Егер олар: “Естідік те бағындық, тыңда және бізге қара” десе, оларға қайырлы және тура болар еді. Бірақ Алла, олардың қарсылықтары себепті лағынет еткен. Сондықтан олардың азы ғана иман келтіреді. (46)

Әй Кітап берілгендер! Сендермен бірге болғанды растаушы етіп, Біз түсіргенге, (Құранға,) беттерді бұзып, арттарына қайтаруымыздан немесе сенбішілерді, (сенбі күні шектен шығушыларды) лағынет еткеніміздей оларды да лағынет етуімізден бұрын иман келтіріңдер. Алланың әмірі орындалады. (47)

Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды. (48)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді. (49)

Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашық күнә, оларға жетіп асады. (50)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Кітаптан үлес берілгендерге қарамадың ба? Олар бұтқа, шайтанға сенеді де, кәпірлерді: “Бұлар, мүміндерден көрі тағы тура жолда” дейді. (51)

Міне бұлар, Алла лағынет еткендер. Алла, кімге лағынет етсе, оған ешбір жәрдемші таба алмайсың. (52)

Олардың әкімшіліктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адамдарға түк бермес еді. (53)

Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік. (54)

Олардың кейі оған сенді де, кейі одан бас тартты. Оларға, жалындаған тозақ жетіп асады. (55)

Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі. (56)

Ал сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ оларға онда тап-таза жұбайлар бар. Және оларды қалың көлеңкеге кіргіземіз. (57)

Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы. (58)

Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, қайырлы да нәтижеде жақсы. (59)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды. (60)

Ал және қашан оларға: “Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер” делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенін көресің. (61)

Сонда олар қайтып, қолекі істегендерінің салдарынан бастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: “Біз жақсылықты, үйлесуді қалап едік” деп, Алланың атымен ант- су ішеді. (62)

Алла олардың жүректеріндегіні біледі. Енді олардан бет бұр. Оларға үгіт бер де, оларға әсерлі сөз сөйле. (63)

Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді. (64)

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқаннәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды. (65)

Ал оларға: “Өздеріңді өлтіріңдер, (соғысыңдар,) немесе жұрттарыңнан шығыңдар!”,- деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды. Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін қайырлы болып, имандары нығайып бекір еді. (66)

Сондай-ақ өз жанымыздан сыйлық берер едік. (67)

Әрине оларды тура жолға салар едік. (68)

Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас! (69)

Міне бұл Алладан ілтипат. Алла әр нәрсені жете білуші. (70)

Әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек-бөлек болып немесе тұтас аттаныңдар. (71)

Әрине сендерден қырқарлық қылатындар да бар. Егер сендерге бір қиыншылық келсе: “Рас Алла, маған бақ берген екен. Өйткені, олармен бірге болмадым” деп айтар. (72)

Ал егер сендерге Алладан бір мәрхамет (жеңіс) келсе, сендермен араларында ешбір достық жоқтай: “Әттеген-ай! Олармен бірге болсам еді, зор табысқа ие болар едім” деп айтар. (73)

Ендеше, дүние тіршілігін ақыретке айырбастағандар, Алла жолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіске ие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз. (74)

Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар. (75)

Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады да кәпірлер, шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарымен соғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар. (76)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: “Қолдарыңды тыйыңдар, намазды орындап, зекет беріңдер!”,- делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыс парыз етілген заман олардың бір тобы; адамдардан, Алладан қорыққандай немесе, тағы қатты қорқады да: “Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін неге кешіктірмедің?”,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Дүниенің пайдасы аз ғана. Тақуалар үшін ақырет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздікке ұшырамайсыңдар” деп айт. (77)

Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді. Егер оларға бір жақсылық жетсе: “Алла тарапынан” дейді де, егер оларға бір жамандық жетсе, олар: “Бұл сенің тарапыңнан” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Барлығы Алланың қасынан” деп айт. Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды? (78)

Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.) сені адамдарға елші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады. (79)

Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік. (80)

Олар: “Бой ұсындық” деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл. (81)

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді. (82)

Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді. (83)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғана жауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірін тоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын. (84)

Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым. (85)

Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы. (86)

Алла бір, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әлбетте сендерді күдік болмаған қиямет күнінде жинайды. Алладан артық кімнің сөзі тура бола алады? (87)

Сендерге мұнафықтар жайында екі дай болатын не болды? Алла оларды қылықтары себепті теріс бағындырды. Алла, адастырған біреуді, сендер жолға салуды қалайсыңдар ма? Ал біреуді, Алла адастырса, сонда оған жол таба алмайсың. (88)

Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалады. Ендеше оларды Алла жолында босқанға дейін, дос тұтпаңдар. Егер олар бет бұрса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Сондай-ақ оларды не дос не көмекші тұтпаңдар. (89)

Бірақ, сендермен араларыңда келісім болған бір елге қосылғандар, немесе сендермен өздері соғысуға, не өз елдерімен соғысуға жүректері сығылып, сендерге келгендер басқа. (Мұндайларға соқтықпаңдар) Егер Алла қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді. Ал егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Алла, сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады. (90)

Ал және басқа біреулерді; сендерді де сендіруді, әрі өз елдерін де сендіруді қалаған түрде табасыңдар. Әрқашан олар бұзақылыққа нұсқалса, олар оның ішіне етпетінен түседі. Ал егер олар сендерден тайынбаса, сендерге келісім ұсынбаса және олар қолдарын тыймаса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Міне осыларды, сендер үшін оларға қарсы ашық дәлел қылдық. (91)

Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін құл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі. (92)

Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозақ болады. Сондай-ақ оған Алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған. (93)

Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: “Мүмін емессің” демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте-мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі. (94)

Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді. (95)

Алладан дәрежелер, жарылқау және мәрхамет бар. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (96)

Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) періштелер жандарын алғанда: “Қайда едіңдер?”,- деді. Олар: “Біздер бұл жерде шамасыз едік” деді. (Періштелер): “Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?”,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын. (97)

Шамасыз еркек, әйелдер және балалардан шара қолдана алмайтын, жол таба алмайтындар басқа… (98)

Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. Өйткені Алла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы. (99)

Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Аллаға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді. (100)

Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен қорықсаңдар, сендерге намаздан қысқартуларыңда күнә жоқ. Негізінен сендерге кәпірлер ашық қаскүнем. (101)

(Мұхаммед Ғ.С.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір рәкәғат оқыса,) олар арт жақтарыңда (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. Өйткені, кәпірлер құралдарыңнан, нәрселеріңнен кәперсіз болуларыңды, үстеріңе бір-ақ шабуыл жасауды ойлар. Егер сендерге жаңбырдан бір қиналыс немесе ауыру болсаңдар, сендерге құралдарыңды қойып қоюларыңның оқасы жоқ. Сондай-ақ сақтық шарасын қолданыңдар. Негізінен Алла кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген. (102)

Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды. (103)

Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі. (104)

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде саған Кітапты; Алланың, өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан қаралықшылдарға болысушы болма. (105)

Алладан жарылқану тіле. Негізінен Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (106)

Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді. (107)

Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды. Алла, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі. (108)

Ал міне сендер дүние тіршілігінде олар тарапынан дауластыңдар, сонда қиямет күні олар тарапынан Алламен кім дауласа алады? Немесе оларға кім уәкіл бола алады? (109)

Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді. (110)

Ал және біреу күнә істесе, сонда негізінен ол өзіне істеген болады. Алла (Т.) толық білуші, аса дана. (111)

Тағы да біреу, бір қателік немесе күнә істесе, оны, ақ біреуге жапса, расында ол жала қойып, ашық күнә жүктеп алған болады. (112)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметі болмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. Өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі. (113)

Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол қайырлы. Және біреу, осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз. (114)

Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын! (115)

Негізінен Алла, өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа, жарылқайды. Ал және кім Аллаға ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты. (116)

(Мекке мүшріктері,) олар, Алладан өзге ұрғашыларға ғана жалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды. (117)

Алла оны қарғады. Сонда шайтан: “Әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын” деді. (118)

“Және оларды әрине адастырамын, әлбетте оларды босқа үміттендіремін. Әрі оларға міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар: Малдардың құлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ оларға әрине Алланың жаратқанын өзгертуді бұйырамын” (деді.) Кім Алладан өзге шайтанды дос тұтса, сонда рас ашық зиянға ұшыраған болды. (119)

Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана. (120)

Міне солардың орны тозақ. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды. (121)

Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені, Алланың уәдесі хақ. Алла (Т.) дан тура сөзді кім? (122)

(Әй мүшріктер!) Не сендердің ойларыңша, не Кітап иелерінің ойларынша да емес. Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Ол үшін Алладан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды. (123)

Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жәннәтқа кіреді. Түк де әділетсіздікке ұшыратылмайды. (124)

Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ыбырайым (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла (Т.) Ыбырайым (Ғ.С.) ды дос тұтқан. (125)

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық меңгеруші. (126)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды. Оларға: “Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендерге оқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатын жетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайында пәтуа береді” де. Және қайырдан не істесеңдер сөз жоқ, оны Алла біледі. (127)

Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынан қорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасу жақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдар негізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі. (128)

Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егер түзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (129)

Егер екеуі ажырасса, Алла әрқайсысын өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Өйткені, Алла аса кең, өте дана. (130)

Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерден бұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: “Алладан қорқыңдар!”,- деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Алла мұңсыз, мақтаулы. (131)

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Алла (Т.) кепілдік тұрғысынан жеткілікті. (132)

Әй адам баласы! Егер Алла қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкелер еді. Міне осыған Алланың күші толық жетеді. (133)

Кім дүниенің пайдасын тілесе, Сонда дүние, ақыреттің пайдасы Алланың қасында. Сондай-ақ Алла әр нәрсені естуші, ерекше мейірімді. (134)

Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Ендеше әділдік істеу нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші. (135)

Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға сондай-ақ одан бұрыңғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты. (136)

Негізінен сондай иман келтіріп сонсоң қарсы келгендер, тағы иман келтіріп, және қарсы шыққандар, сонсоң қарсылығын арттырғандар, міне, Алла соларды жарылқамайды да, тура жолға да салмайды. (Яһудилер әуелі Мұсаға иман келтірді. Сонсоң бұзауға табынып, қарсы келді. Сонсоң Мұсаға иман келтіріп, Ғисаға қарсы болды да, Мұхаммед (Ғ.С.) ке қарсылықтарын арттыра түсті. (137)

(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле. (138)

Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән. (139)

Расында сендерге Кітапта: “Алланың аяттарына қарсы келінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар” деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы. (140)

Сондай сендерді аңдығандар, сендерге Алладан бір жеңіс келсе: “Бізде сендермен бірге емес пе едік?”,-деді. Ал егер кәпірлерге бір олжа түссе, оларға: “Сендерге үстемдік келтіріп, сендерді мүміндерден қорғамадық па?”,- деді. Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды. (141)

Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады. (142)

Олар, осы екі арада дел-салда. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Алла біреуді адастырса оған әсте жол таба алмайсың. (143)

Әй мүміндер! Мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпаңдар. Өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма? (144)

Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың. (145)

Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзелткендер және Аллаға жабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар мүміндермен бірге. Алла (Т.) мүміндерге жедел бір сыйлық береді. (146)

Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді неге азап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші. (147)

Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі. (148)

Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не бір жамандықты кешсеңдер, сонда күдіксіз Алла аса кешірімді, тым күшті. (149)

Шәксіз, сондай Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар: “(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де, кейіне қарсы келеміз” дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды. (150)

Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық. (151)

Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер, олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі. Сондай-ақ Алла (Т.) өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (152)

(Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітап түсіруіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сонда олар: “Алланы бізге ашық көрсет!”,-дегенде, олардың кесірлері себепті найзағай түсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасап алды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік. (153)

Олардың уәделері себепті үстеріне Тұр тауын көтердік. Және оларға: “Қақпадан сәжде қылып кіріңдер” дедік. Тағы оларға: “Сенбі күні шектен шықпаңдар!”,- дедік. Сөйтіп олардан ауыр серт алдық. (154)

Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделі деулері себепті Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді. (155)

Және олардың (Ғиса Ғ.С.ға) қарсы шығулары әрі Мәриямға зор жала жапсырған сөздері себепті, (156)

Тағы да; Алланың елшісі, Мәриям ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік!,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды (Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.) Расында, ол жайында қайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. (157)

Олай емес, Алла оны өз тарапына көтерді. Алла(Т.) өте үстем, хикмет иесі. (158)

Кітап иелері, Ғиса(Ғ.С) ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады. (159)

Сонда Яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдарды Алланың жолынан тосуларының салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсы нәрселерді оларға арам қылдық. (160)

Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай ақ олардан қарсы келгендер үшін; күйзелтуші азап әзірледік. (161)

Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер, саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді. Және намазды орындаушылар, зекет берушылер әрі Аллаға, ақырет күніне сенушілер, әрине соларға зор сыйлық береміз. (162)

(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйюб, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік. (163)

Және саған бұрыңғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Алла (Т.) Мұса (Ғ.С.) ға (тікелей) сөйлескен. (164)

Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) аса үстем, хикмет еисі. (165)

Алайда Алла, саған түсіргенін біле тұра түсіндіргеніне куәлік етеді және періштелер де куә болады. Негізінде Алла куәлікте жеткілікті. (166)

Күдіксіз, сондай қарсы болғандар және Алланың жолынан тосқандар, расында ұзақ адасумен адасты. (167)

Шәксіз сондай қарсы шығып, зұлымдық қылғандарды тура жолға да салмайды. (168)

Бірақ тозақтың ғана жолына салады да, олар онда мәңгі қалады. Осы, Аллаға оңай. (169)

Әй адам баласы! Рас сендерге Пайғамбар, Раббыларыңнан хақиқатты келтірді. Сондықтан иман келтіріңдер, сендер үшін жақсы. Егер қарсы келсеңдер, сонда күдіксіз көктердегі және жердегі барлық нәрсе Алланікі. Алла (Т.) аса білуші, хикмет иесі. (170)

Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәриям ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәриямға жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) “үшеу” демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол – баласы болудан пәк. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән. Алла уәкілдікте жетік. (171)

Ғиса да, Аллаға жақын періштелер де Аллаға құл болудан әсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өз тарапына жинайды. (172)

Ал енді сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сыйлықтарын толық береді. Әрі оларға өз ілтипатынан арттырады. Ал және сондай арланып менменсігендерді күйзелтуші азапқа ұшыратады. Сондай-ақ олар үшін Алладан басқа құтқарушы не дос не жәрдемші таба алмайды. (173)

Әй адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік. (174)

Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады. (175)

Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: “Алла сендерге “Кәлала” жайында пәтуа береді: Егер әке-шешесі және баласы жоқ біреу өлсе, оның бір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың жартысы тиеді. Егер өлген әйел болып, оның баласы болмаса, еркек туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қыз туысы екеу болса, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Және мирасқорлар ер, әйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі әйелдің сыбағасындай тиеді. Алла (Т.) адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла әр нәрсені толық біледі” (176)

Ғашия сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атыман бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С. әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме? (1)

Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады. (2)

Қатты қиналған шаршаған болады. (3)

Жанып тұрған отқа тасталады. (4)

Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі. (5)

Олардың ащы, сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды. (6)

Ол семіртпейді де, аштықты баспайды. (7)

Ол күні, кейбір жүздер шаттықта, (8)

Амалдарына разы, (9)

Көтеріңкі бақшада; (10)

Ол арада бір бос сөз естімейді. (11)

Онда аққан бір бұлақ бар. (12)

Онда биік дивандар бар. (13)

Қойылған кеселер бар. (14)

Тізілген жатықтар бар. (15)

Төселген төсеніштер бар. (16)

Олар, түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған? (17)

Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? (18)

Олар, тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген? (19)

Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген? (20)

(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың. (21)

Сен оларды зорлаушы емессің. (22)

Бірақ әлде кім бет бұрса, қарсы келсе; (23)

Сонда Алла, оны зор азаппен қинайды. (24)

Расында олардың қайтар жері Біз жақ. (25)

Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән. (26)

А’лә сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте. (1)

Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған, (2)

Ол сондай Алла, шамалап оңғарған. (3)

Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан. (4)

Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. (6)

Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі. (7)

Саған оңай болғанды қолайластырамыз. (8)

Пайда беретін болса, насихат ет. (9)

Әлде кім Алладан қорықса, үгіт алады. (10)

Сорлы болғандар одан бой тежейді. (11)

Ол, сондай зор тозаққа салынады. (12)

Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді. (13)

Әлде кім тазарса, ол құтылады. (14)

Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды. (15)

Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. (16)

Ақырет қайырлы да, тұрақты. (17)

Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар; (18)

Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында. (19)

Тариқ сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аспанға, Тарыққа серт. (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) Тарық не екенін қайдан білесің? (2)

Ол, жарқыраған жұлдыз. (3)

Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (4)

Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын; (5)

Бір атылып шыққан судан жаратылған. (6)

Ол, бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады. (7)

Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие. (8)

Сол күні сырлар ашылады. (9)

(Ол күні) адам баласына күш те, көмекші де болмайды. (10)

Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт. (11)

Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт. (12)

Негізінен Құран бір билік сөз. (13)

Ол, бір сықақ емес. (14)

Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде. (15)

Сығандығына шара көремін. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы келушілерге мұрсат беріп, аз еркіне қой. (17)

Буруж сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жұлдызды аспанға ант, (1)

Уәделі күнге, (2)

Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт. (3)

Жер ошақшылардың жаны шықсын! (4)

Отынмен жанған от. (5)

Ол уақытта олар оның маңында отырған; (6)

Олар, мүміндерге істегендерін көрген. (7)

Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем, мақтаулы Аллаға сенулері ғана еді. (8)

Ол сондай Алла, аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла, әр нәрсені көруші. (9)

Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар. (10)

Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларға астарынан өзендер ағатын пейіштер бар. Осы, зор мұратқа жетушілік. (11)

Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты. (12)

Өйткені Ол, бастапта жаратып, әрі қайта тірілтеді. (13)

Ол, тым жарылқаушы, өте сүюші. (14)

Ғаршының иесі, аса ұлы. (15)

Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған ләшкерлердің хабары келді ме? (17)

Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ? (18)

Дегенмен қарсы болғандар, өтіріксінуде. (19)

Алла, оларды сырттай орап алған. (20)

Әрине ол, ұлы бір Құран. (21)

Лаухы Махфұзда сақтаулы. (22)

Иншиқақ сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аспан жарылған сәтте, (1)

Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде, (2)

Жер созылған сәтте, (3)

Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте, (4)

Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде; (5)

Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың. (6)

Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; (7)

Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі. (8)

Ол, үй ішіне-қуанып қайтады. (9)

Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе; (10)

Сонда ол, дереу өлім шақырады. (11)

Қайнаған тозаққа түседі. (12)

Өйткені ол, өз үйінде мәз-мейрам еді. (13)

Негізінде ол, әсте (Аллаға) қайтпаймын деп ойлады. (14)

Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді. (15)

Жоқ, шапақ уақытына, (16)

Түнге әрі ішіндегі нәрсеге, (17)

Толған айға серт. (18)

Әлбетте сендер, бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер. (19)

Сонда оларға иман келтірмейтін не болды? (20)

Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды. (21)

Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді. (22)

Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі. (23)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды күйзелтетін азаппен сүйіншіле. (24)

Бірақ иман келтіріп, түзу амал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар. (25)